Сенбі, 01 Мамыр 2021 14:32

Мұрат Әйтенов мерекелік ағаш отырғызу іс-шарасына қатысты

Бүгін Шымкент қаласында 1 мамыр - Қазақстан халқының бірлігі күні және "Жасыл қала" акциясы аясында ұйымдастырылған іс-шарада қала әкімі М.Әйтенов түрлі этнос өкілдерімен бірге ағаш отырғызып, қаланың көркеюіне өз үлесін қосты.

Бұл туралы Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлайды.

Онымен бірге, бүгін шаhардағы ескі қалашық аумағында "Shymkent" этноауылы ашылып, жұмысын бастады. Қала әкімі М.Әйтенов рухани жаңғыру бағытында қолға алынған этноауылды аралап, ондағы ұлттық қолөнер шеберлерінің бұйымдарымен танысты.

Іс-шара соңында БАҚ өкілдеріне сұқбат берген қала әкімі, тұрғындарды 1 мамыр - Қазақстан халқының бірлігі күні мерекесімен құттықтап, "Жасыл қала" акциясына белсенді қатысуға шақырды.

Сондай-ақ қала басышсы айтулы мерекемен тұрғындарды құттықтау сөзінде

«Бұл мереке — көпұлтты мемлекетімізді мекендеген біртұтас халықтың ынтымағы мен бірлігінің, татулығы мен тұрақтылығының тұғырын танытатын мерейлі мейрам. Бұл күні біз баға жетпес байлығымызды – туған ел игілігі жолындағы ырысты ынтымағымызды дәріптейміз»,-деп атап өткен болатын.

«AQ-QARA.KZ» - ақпарат

 

Оқылды 557 рет