Бейсенбі, 06 Мамыр 2021 02:44

Қала әкімі «Сайрам» тұрғын алабындағы жол құрылысының барысымен танысты

Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов «Сайрам» тұрғын алабындағы жолдарды орташа жөндеу жұмыстарының барысымен, қоғамдық көлік бағыттарының жағдайымен танысты.

Бұл туралы Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлайды.

Сатыбалдиев-Машраб көшелерінің қиылысындағы құрылыс барысын аралап көрді. Тұрғын алаптағы 79 көшенің жалпы ұзындығы – 247,5 шақырым: асфальт жол – 145,3, тас жол – 102,2 және топырақ жол – 0 шақырым.

2021 жылы 8 көше жөндеуден өтеді. Жалпы ұзындығы – 14,8 шақырым. Атап айтқанда, мердігер «Нұрлы жол» ЖШС бүгінде Cыдықхан ата ( 2,2 шқ), Гозохан көшесінде (3,0 шқ) жөндеу жұмыстарын жүргізуде.

Сондай-ақ, мердігер «АзияКомплексСтрой» ЖШС Марьям ана, Хавазмат ата көшесінде (1,1 шқ) жөндеу жұмыстарын бастады. Орындау мерзімі – мамыр-маусым айы.

Айта кетсек, бүгінде тұрғын алапқа №30 – Сайрам - Акбар базар, №139 Сайрам – Ордабасы, №148 Шапырашты – Акбар базар бағытында қоғамдық көлік қатынауда.

«AQ-QARA.KZ» - ақпарат

 

Оқылды 463 рет