Мәжіліс депутаттары қала әкімі, қалалық партия филиалының төрағасы Махажанов Даурен Сабитұлымен кездесіп, партияның "Өзгерістер жолы: әр азаматқа лайықты өмір" атты Кентау қаласы бойынша сайлауалды бағдарламасын орындау жөніндегі Жол картасының жүзеге асуын талқылады.
Сонымен қатар "Кентау трансформатор зауыты" акционерлік қоғамында болып, зауытта жаңадан іске қосылған технологиялармен танысып, өз сайлаушылары, яғни зауыт жұмысшыларымен кездесіп, сұрақтарына жауап беріп, ұсыныстарын тыңдады. Кездесуге "Nur Otan" партияcы Түркістан облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Бейсенбай Тәжібаев, Түркістан облыстық маслихатының депутаты, "Кентау трансформатор зауыты" АҚ - ың Басқарма төрағасы Хайрулла Қожабаев, қала әкімі аппаратының басшысы Амалбек Өміртай, "Атамекен" кәсіпкерлік палатасының қалалық филиал басшысы Мұрат Садуов, қалалық мәслихат депутаты, фракция жетекшісі Қанат Бекметов қатысты.
«AQ-QARA.KZ» - ақпарат