Мәжілістің күн тәртібінде 6 мәселе қаралды.
Бірінші болып, Көктерек ауылдық округінің 2021 жылдың 5 айында атқарылған жұмыстардың қорытындысы мен алда тұрған міндеттері туралы ауылдық округінің әкімі Нұрлан Бекжігітовтің есепті баяндамасы тыңдалды.
Мәжілістің күн тәртібіне сәйкес, коронавирус инфекциясына қарсы жаппай екпе салу туралы аудандық орталық аурухананың бас дәрігері Гүлдария Шардарбекова, аудан бюджетінің 2021 жылы 5 аймен игерілуі және 6 аймен күтілім туралы, 2021 жылы 5 айдың қорытындысымен индикаторлық көрсеткіштердің орындалуы туралы аудандық экономика және қаржы бөлімі басшысының міндетін атқарушы Жандос Азизханов, аудан аумағында заңсыз жер қойнауын пайдалану мәселелері туралы Мейіржан Беріков, жазғы дала орман өрттеріне дайындық жұмыстары туралы аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің бастығы, азаматтық қорғау подполковнигі Қанат Әуелбеков есепті хабарлама жасады.
Аудан әкімі Ержігіт Шәріпбекұлы күн тәртібіндегі мәселелер бойынша ауылдық округтерінде және бөлімдерде орындалмай жатқан бірқатар тапсырмалар бойынша ауыл әкімдері мен бөлім басшыларын жеке-жеке сұрап, мерзім қойып, орындалуы жөнінде нақты тапсырмалар жүктеді. Қадағалауды сала бойынша тиісті орынбасары мен аппарат басшысына нақты тапсырма жүктеді.
«AQ-QARA.KZ» - ақпарат