Конференцияның күн тәртібінде Қазақстан Республикасының «Сайлау туралы» заңына енгізілген өзгерістерге сәйкес 2021 жылдың II-жарты жылдығында өтетін ауыл округі әкімдерінің сайлауына қатысу үшін партия атынан үміткерлер ұсыну туралы бір мәселе қаралып, партияның филиал төрағасының бірінші орынбасары Тұрсынәлі Дүйсенбеков хабарлама жасады.
Мандат комиссиясының төрайымы, конференция делегаты Жанар Бауыржанқызының жасаған хабарлама дауысқа қойылып, конференция делегаттарының өкілеттіктері нақтыланды.
Партия ардагері Бағдат Қалаубай жарыссөзге шығып, партияның атынан Ақбастау және Көктерек ауылдық округі әкіміне ұсынылып отырған үміткерлерге сәттілік тіледі.
«Nur Otan» партиясы Бәйдібек аудандық филиалының кезекті ХLII-конференциясын партияның филиал төрағасы, аудан әкімі Ержігіт Шәріпбеков қорытындылады.
«AQ-QARA.KZ» - ақпарат