Аудандық мобилді топ төрағасы П.Жаппарқұлов тұрғындардың әлі күнге дейін індеттің қаупінен толық сақтанбайтынын, әлеуметтік ара қашықтықты сақтау режимі мен қоғамдық орындарда міндетті түрде маска тағу мәселесінде санитарлық талаптардың жеткілікті сақталмайтынын атап өтті.
Осыған байланысты №14 қаулыға сәйкес, азаматтар және жеке кәсіпкерлер арасында ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жандандыруды және санитарлық талаптардың сақталуын бақылауды күшейтуді тапсырды.
Аудан аумағында карантиндік шаралардың жалғасуына байланысты шағын және орта бизнес нысандарының эпидемиологиялық талаптарды бұзатын объектілерге, яғни ойын-сауық орындарына, дәмханаларға, мейрамханаларға, караоке барларға, сауда орталықтарына ерекше назар аударуды тапсырды.
«AQ-QARA.KZ» - ақпарат