Аурушаңдық деңгейінің күрт өсуінің басты себептерінің бірі симптомсыз, клиникалық белгілері жоқ науқастардың үй жағдайында қалуы болып тұр. Бұл науқастармен үй ошақтарында тығыз қарым-қатынаста болғандардың арасында топтық ауру жұқтыру жағдайлары тіркелуде. Өздеріңіз білетіндей, ауданамызда отбасындағы азаматтар саны кемі 5-6 адамнан тұрады, осыған орай, ауруды жұқтыру деңгейі де жоғары болып отыр,- деді өз баяндамасында аудандық СЭС басшысы Е.Түктібай.
Мобильді топтың жұмысы ауылдардағы той мәселесі, отбасылық іс-шаралар осы мәселелерді қолға алып, тиісті жұмыс жүргізу. Ал біз жүрміз той тойлап. Қазіргі ахуал күрделі. Бірінші кезекте мобильді топтың жұмысы отбасылық іс-шараларды тоқтату, болдырмау осыны қадағалау керек, тоқтам болмаса маған ренжімеңіздер,- деді аудан басшысы Уласбек Сәдібекұлы.
«AQ-QARA.KZ» - ақпарат