Сәрсенбі, 21 Шілде 2021 11:54

Түркістан: Келесте шұғыл топтың жұмысы цифрландырылды

Келес ауданы әкімінің өкімімен короновирус инфекциясын алдын-алу бағытында құрылған шұғыл топтың құрамы өзгертілді.

Ендігі кезекте аудан аумағында күшейтілген санитариялық талаптардың сақталуын қадағалау мақсатында 3 мобильді топ күндіз және түнгі мезгілде рейд жұмыстарын тұрақты түрде жүргізеді. Бұл туралы бүгінгі өткен жиында аудан әкімінің орынбасары Абай Жаңбырбаев мәлімдеді.

Шұғыл топтың жұмысы алдыңғыға қарағанда біршама жеңілдеді. Өйткені infokazakhstan.kz платформасы арқылы қағазбастылық азайып, тікелей цифрлық қолтаңба арқылы анықталған кемшілік интеграцияланып, құзырлы органдардың қолданыстағы ақпараттық жүйесіне тікелей тіркеліп, заңды шарасы көрілуге жолданатын болады. Айта кететін жайт, электронды толтырылған акт құжатын арнайы QRcode арқылы қажет ететін азамат толық мағлұмат ала отырып, мобильді топ өкілдері жайлы, не үшін жауапкершілікке тартылып жатқаны туралы ақпаратқа қол жеткізе алады.

Бүгін аудан әкімінің орынбасары А.Жаңбырбаев күшейтілген санитариялық талаптардың сақталуын қадағалау мақсатында құрылған шұғыл топ өкілдерін ауыл, ауылдық округі әкімдеріне таныстыра отырып, бірлесе жұмыс істеуге тапсырма берді. Сонымен қатар, жаңадан ашылған платформаның жұмысын арнайы дайындалған бейнеролик арқылы шұғыл топ мүшелеріне түсіндіріп, короновирус инфекциясын алдын-алу бағытында табанды қызмет етуге шақырды. 

«AQ-QARA.KZ» - ақпарат

 

Оқылды 149 рет