Сайлау округтері бойынша сайлаушылар тізіміне 265 146 азамат енгізілсе, оның ішінде дауыс беруге қатысқаны - 209 227 (79%). Әкімдікке үміткерлердің саны – 166 адам. Бұл туралы облыстық сайлау комиссиясының төрағасы Әлібек Өмірәлиев мәлімдейді.
«Барлық 60 сайлау округтерінде әкімдер сайланды. Сайланған ауыл әкімдерінің: 16-сы - мемлекеттік қызметкерлер, ауыл округтерінде қайта сайланғандар - 17, басқа ауыл округтерінің әкімдері - 6, коммерциялық саланың өкілдері - 4, бюджеттік мекеменің қызметкерлері - 8, уақытша жұмыс істемейтіндер -1. Орта жас - 46,7. Сайланған ауыл әкімдерінің 43-і саяси партияларымен ұсынылған: «Nur Otan» партиясынан - 41, «Ауыл» ХДП партиясынан - 1, «ADAL» саяси партиясынан - 1, өзін-өзі ұсынғандар – 17. Ең көп дауыс алған әкім Сарыағаш ауданындағы Жібек жолы ауыл округінен 8 839 дауыс. Сайлау бюллетендерін қайталап санау сайлау учаскелерінде өткізілмеді. Соттарға, жоғары тұрған комиссияға сайлау комиссияларының іс-әрекеттері туралы арыз-шағымдар түспеді», - деді Әлібек Кәденұлы.
«AQ-QARAKZ» - ақпарат