Ауыл әкімдерін сайлау Кентау қаласы Қарнақ ауылында өткізілуде. Дауыс беру таңғы 07:00 ден бастау алған сайлауға ауыл тұрғындары белсенді қатысуда,- деп хабарлайды Кентау қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі.
Сайлауға үш үміткер қатысуда. Жалпы ауыл бойынша 5 сайлау учаскесінде қалалық 3 қоғамдық бірлестіктерден 24 байқаушылар өз жұмыстарын заң аясында жоғарғы деңгейде атқаруда.
Барлық сайлау учаскесінде эпидемиологиялық жағдайға байланысты барлық санитарлық талаптар сақталған. Ауылдың әлеуетін дамытуға қызмет атқаратын ауыл әкімін сайлауға келген тұрғындардың ең үлкені 85 жас болса, ең жасы 18 жасар сайлаушы.
Дауыс беру кешкі 20:00 ге дейін жалғасады. Бүгінгі таңға дейін ауылдың 50 пайызы дауыс беріп үлгерді.
«AQ-QARA.KZ» - ақпарат