Түркістан қалалық мәслихатының тұрақты комиссияларының отырысы онлайн және офлайн форматта болып өтті. Тұрақты комиссия отырысын мәслихат хатшысы Мақсат Асылбекұлы сөз алып ашып, жүргізіп отырды. Жиналысқа қала әкімінің орынбасары Оразбеков Байдулла Жұмаділләұлы, Төлегенов Талғат Байжанұлы қала әкімі аппаратының басшысы Әуелбеков Әділ Арысбайұлы, Түркістан қаласының «Адами әлеуетті дамыту» бөлімінің басшысы Қолдасова Оразкүл Шахиевна, Түркістан қаласы әкімдігінің «Мәдениет тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің» басшысы Әбдіжаппар Сәкенұлы, Түркістан қаласы әкімдігінің «Инфрақұрылым және коммуникациялар бөлімінің» басшысы Бухарбаев Ерсейіт Ермекұлы, «Жылу» мекемесінің басшысы Рысбеков Ерғазы Абдрахманұлы қатысты. Сонымен қатар, тұрқты комиссиының отырысы өңірлік БАҚ өкілдерінің қатысумен жүргізілді.
Жиын барысында комиссия жұмысының күн тәртібінде төмендегі мәселелер ұсынылып қаралды:
1. Қала әкімінің өзіне жүктелген функциялар мен міндеттердің орындалуы туралы есебі;
2. Түркістан қаласында қысқы маусымға дайындық жұмыстарының барысы туралы;
3. Қала әкімдігінің мәдениет тілдерді дамыту, дене шыныктыру және спорт бөлімінің есепті кезеңде атқарған жұмыстары туралы;
4. Түркістан қаласы әкімдігі жанындағы сыбайлас жемқорлыққа күрес жүргізу мәселелері жөніндегі комиссиясының есепті кезеңде атқарған жұмыстары туралы;
5. Түркістан қаласы әкімідігі жанындағы құқық бұзушылық профилактикасы жөніндегі ведомоствоаралық комиссиясының құрамына өзгеріс енгізу туралы;
6. Түркістан қаласы әкімдігінің «Кәмелетке толмағандардың ісі және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі» комиссиясының есепті кезеңде атқарған жұмыстары туралы;
7. Түркістан қаласы әкімдігінің дербес құрамныа өзгеріс еңгізу туралы;
Осы мәлелелер қаралды.