Дүйсенбі, 26 Қыркүйек 2022 09:49

ТҮРКІСТАН: БАСТАУЫШ ПАРТИЯ ҰЙЫМ ТӨРАҒАЛАРЫМЕН ЖИНАЛЫС ӨТТІ

Бүгін «AMANAT» партиясы Түркістан қалалық филиалында, бастауыш партия ұйымдарының төрағаларымен арнайы жиын өтті. Жиын барысында партия филиалының Атқарушы хатшысы Ғаппар Амантайұлының Президент Жолдауының негізгі бағыттарын айшықтап, басымдық берілген тұстарын тілге тиек етті.

Сондай-ақ БПҰ тарапынан ағымдағы жылы атқарылған жұмыстарға тоқталып өтті. БПҰ төрағаларына бірқатар нақты тапсырмалар жүктеп, атқарылатын жұмыстар бойынша бағыт-бағдар берді. Соның ішінде бастауыш ұйымдарға жарна есебінен қайтарылатын 20% пайыздық қаражаттың мақсатты жұмсалуы мен игерілуіне назар салып, арнайы іс-шаралар жоспары түзіп, жүйелі жұмыстарды жолға қою қажет екендігін жеткізді.

Сонымен қатар партияның сапалық құрамын арттыра отырып жұмыстар жүргізуді тапсырды.

Алдағы саяси науқандарға сақадай сай болып, партияның алға қойған мақсаттары мен міндеттерін бірлесе орындауға шақырды.

Бастауыш партия ұйымы - «AMANAT» партиясының негізгі тірегіне, шынайы күшіне айналды.

Бастауыш партия ұйымының мақсаты – партияның жарғылық мақсаттары мен міндеттерін, бағдарламалық құжаттарын халық арасында түсіндіру және іске асыру, сондай-ақ партия мүшелері мен жоғары тұрған партия құрылымдарының арасында тұрақты кері байланысты қамтамасыз ету болып табылады.

Президент Жолдауын, басқа да бағдарламаларын жүзеге асыруда БПҰ-ның рөлі ерекше екенін әрдайым айтып келеді.

 

Оқылды 317 рет