Сейсенбі, 27 Қыркүйек 2022 10:00

ТҮРКІСТАН: СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛ ЖӨНІНДЕГІ ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕСТІҢ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

Сыбайлас жемқорлықсыз адал қоғам құру – мемлекет саясатының басым бағыттарының бірі болып табылады.

Осы орайда, «AMANAT» партиясы Түркістан қалалық филиалының мәжіліс залында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі қоғамдық кеңес отырысы өтті.

Отырыста қала тұрғындарын табиғи газбен қамту жұмыстарының барысы, мердігерлер тарапынан сапалы жұмыстар жүргізілуі бағытында атқарылып жатқан жұмыстар бойынша «Қаз Транс Газ Аймақ» АҚ ТӨФ директордың бірінші орынбасары Е.Б.Балабеков баяндама жасап, қоғамдық кеңес мүшелеріне есеп берді.

Отырысқа партия филиалы жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі қоғамдық кеңестің төрағасы Ғ.Худияров және кеңес мүшелері қатысты.

Отырыс барысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-әрекет бойынша заңдылықтың, тәртіптің сақталуы, қабылданып жатқан шаралардың жай-күйі, Түркістан қаласы бойынша тұрғындарға бет есеп ашылуы, техникалық шарттар, мердігерлер тарпынан атқарылып жатқан жұмыстар жайында талқыланды.

Жиын барысында кеңес мүшелері тарапынан баяндамашыға бірқатар сұрақтар мен нақты ұсыныстарын жеткізіп, олардың орындалуы бақылауға алынды.

Оқылды 266 рет