Сәрсенбі, 28 Қыркүйек 2022 10:08

ТҮРКІСТАН: ЖАҢА САЯСИ ТҰҒЫРНАМА АЗАМАТТАРДЫҢ САПАЛЫ ӨМІР СҮРУІНЕ БАҒЫТТАЛҒАН

«AMANAT» партиясының төрағасы Е.Ж.Қошанов партияның кезектен тыс ХХІV Съезін 2022 жылдың 6 қазан күні өткізу туралы шешімін жариялаған еді.

Осыған орай, «AMANAT» партиясы Түркістан қалалық филиалы жанынан құрылған "Мейірімді шуақ" бастауыш партия ұйымының жиналысы өтті.

Жиынға «AMANAT» партиясы Түркістан қаласы «Мейірімді шуақ» БПҰ төрағасы Тілепова Айгүл және партия мүшелері қатысты.

Жиын барысында "Мейірімді шуақ"БПҰ- төрағасы Айгүл Өтегенқызы баяндама жасап, партия мүшелерімен «AMANAT» партиясының Саяси тұғырнамасы қызу талқыланды.

Кездесудің күн тәртібінде ел президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың “

ХАЛЫҚ БІРЛІГІ ЖӘНЕ ЖҮЙЕЛІ РЕФОРМАЛАР – ЕЛ ӨРКЕНДЕУІНІҢ БЕРІК НЕГІЗІ” атты жолдауын насихатталып,баяндама жасалынды.

Айгүл Өтегенқызы “AMANAT” партиясы жаңа өзгеріске қадам басқан еліміздің жетекші партиясы екенін айта келе, партияның алдағы уақытта атқарар жұмыстары көп екенін айтты.

-Қазіргідей жаһандану дәуірінде мемлекеттегі негізгі ұлттың өз болмысы мен дәстүрін сақтауы оңайға соқпайды. Әсіресе, 130-дан аса ұлт пен ұлыс мекен еткен біздің елімізде ұлттық құндылықтарды ұлықтау ең негізгі міндет. Партияның жаңа саяси тұғырнамасында мемлекет құраушы негізгі ұлтқа басымдық бере отырып, отандастарымыздың сапалы білім мен қолжетімді медицина қызметімен қамтылуы атап өтілген. Оған қоса мемлекеттік тіл – қазақ тілі ғылым мен білімнің, өркениеттің тіліне айналуы тиіс делінген. Бұл құптарлық идея,-деді Айгул Өтегенқызы.

Сонымен қатар, ағымдағы жылдың 29-шы қыркүйек күні өтетін «AMANAT» партиясы Түркістан қалалық филиалының кезектен тыс XLVI (46) конференциясына партия мүшелерінің дауысқа салуы арқылы делегаттар бірауыздан сайланды.

Оқылды 265 рет