Сейсенбі, 18 Қазан 2022 02:40

«Отырар ауданы» логотипіне байқау жарияланады

Отырар ауданы әкімдігінің ұйымдастыруымен «Отырар ауданы» логотипін әзірлеуіне байқау жарияланады. «Отырар ауданы» логотипі ауданды бір қарағанда танытар логотип (графикалық белгі, эмблема немесе таңба) және оны басқа туристік бағыттардан ажыратуға көмектеседі.

Бұл ауданның және оның экономикасының имиджін құрудың кең стратегиясының бөлігі. Ауданның брендингінің негізгі себебі басқа аудандардан айырмашылығы мен тарихы және туризмнің дамуы. Байқау шарттары мен тәртібі. 1. «Отырар ауданы» логотипі Отырар ауданына тән ерекшеліктерді көрсетуі шарт. Қатысушылар (дизайнерлер, суретшілер, сәулетшілер) ауданның логотипін жасау үшін конструктивті идеяларды қабылдауы қажет. Логотип қысқа, ассоциативті, заманауи, тарихи құрамдас элементтері бар, сонымен қатар түрлі-түсті нұсқада жақсы көрінуі керек. Логотипте ауданның тарихы мен мәдениеті, бітім-болмысы мен негізгі ерекшеліктері мазмұнды бейнеленуі тиіс. Тәжірибелік тұрғыдан логотип қарапайым көрінуі керек және ақ-қара түсті болғанда өз сапасын жоғалтпауы тиіс. Логотип жинақы, есте жақсы сақталатын, түсі жақсы көрінетін болуы керек. Шығармашылық жұмыстарды бағалау кезінде көркемдік ойдың шеберлігіне, идеялық мақсатқа және графикалық талғамға ерекше мән берілетін болады. Логотипті таңдау кезінде байқаудың комиссия мүшелері мына критерилерді ескередіЛоготиптің мағынасы-Стилі-Ерекшелігі-Креативтілігіне мән беріледі. 2.Байқау жеңімпазын анықтау. Байқау комиссиясы мүшелерінің шешімі. 3.Марапаттау. Жеңімпаз аудан әкімінің алғыс хатымен және 200 мың теңге қаржылай сыйлықпен марапатталады. 4. Сұраныс. Байқауға қатысушы үміткерлердің ұсыныстарын тіркеу, қабылдау жұмыстары Отырар ауданы әкімдігінің ғимаратында ағымдағы жылдың 18–қазаннан 8-ші қарашаға дейін жүргізіледі. 10 қараша 2022 жыл сағат 10.00-13.00 аралығында қатысушы тұлғалар немесе олардың өкілдері комиссия мүшелеріне өз жұмыстарын таныстырады және қорғайды. Байқау нәтижесі 11 қараша 2022 жыл сағат 15.00 комиссия мүшелерінің қорытындысымен анықталады.

Байланыс телефоны- 87029112185, 87711168989 эл.пошта: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.  Байқау материалдарының қағаздағы нұсқасы А2 форматында, электронды нұсқасы PDF, JPG, PNG, түрінде қолма қол тапсырылады. Барлық мүдделі және қызығушылық танытқан азаматтарға қатысуға шектеу қойылмайды. Ескерту: Аталған хабарландыру "Отырар алқабы" газетінің 21.10.2022 жылғы №42 санына, жарияланатын болады. Ескерте кетейік, Отырар ауданы логотип байқауының 08.11.2022 жылы сағат 19:00 дейін құжаттарды қабылдау күні. Осыған байланысты ертерек байқауға өз жобаларынызды ұсынғандарыңыз жөн.

«AQ-QARA.KZ» - ақпарат»

 

Оқылды 490 рет