Сейсенбі, 18 Қазан 2022 15:24

Түркістан: «Транзиттік-көліктік әлеуетін дамыту» жайы айтылған жиын

Түркістан қалалық "Amanat"партиясы филиалының ұйымдастыруымен ақпараттық түсіндіру тобы Президент Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың Қазақстан халқына «Елдің –транзиттік –көліктік әлеуетін дамыту» атты Жолдауын насихаттау мақсатында "Жолаушы "ЖШС еңбек ұжымымен кездесу өткізді. Жиында ақпараттық түсіндіру тобы «Транзиттік-көліктік әлеуетін дамыту» тақырыбын толық түсіндіріп өтті.

Президентіміз Қ-Ж.Тоқаев Қазақстан халқына жасаған кезекті жолдауында Қазақстандағы көлік саласын және көлік дәліздерінің транзиттік әлеуетін дамыту үшін зор күш-жігер, бірқатар салалық бағдарламалар іске асырылып, саланың құқықтық негізі қалыптастырылды. Көлік қызметтерін көрсетудің қолайлы бәсекелестік ортасы құрылды,автокөліктерді сатып алу жөнінде бірыңғай ағым жүйесін енгізу,кеден жұмысына "бір терезе" қағидатын енгізу,экономикадағы инвестиция жүйесін тәртіпке келтірумен қатар жаңа инвестициялық бағдарламаларды жүзеге асыру, тиісті реформалар жүргізу және басқа да бірқатар өзекті мәселелер бойынша нақты ұсыныстары мен тапсырмаларын орындау бағыттарын айқындап айтты. «Қазақстанның даму үдерісі енді басталды,сондықтан тек алға жылжуымыз керек,реформаларды жүзеге асыратын болсак, біз әділетті Қазақстанға қол жеткіземіз»

Жиын соңында «Жолаушы» БПҰ мүшелері жолдаудағы аса басым бағыттарға назар аударып, бірауыздан қолдап, насихаттауға үлес қосатындықтарын жеткізді.

 

 

Оқылды 287 рет