Мәжілістің күн тәртібі бойынша Сауран ауданы әкімі аппаратының құжаттандыруды қамтамасыз ету бөлімі басшысының міндетін атқарушы Н.Турисбеков аудан көлемінде арыз-шағымдардың қаралу барысы туралы баяндама жасады. Сонымен баяндамашының мәліметіне сәйкес, қазіргі уақытта жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін тіркеу және қарау әкімшілік рәсімдік-процестік Кодекстің нормаларына бейімделген «Е-Оtinish» өтініштерді қабылдау және өңдеудің бірыңғай платформасында жүзеге асырылады. ӘРПҚ-нің 64-бабының 9-бөлігіне сәйкес, арыз иесі әкімшілік іс бойынша шешім қабылдағанға дейін өзінің жазбаша арызы негізінде өтінішті кері қайтарып ала алады. Арыз иелерінің кері қайтарып алу туралы жолданымдары электрондық нысанда көбінесе сайт немесе «Е-Оtinish» мобильді нұсқасы арқылы түседі. Бұл ретте арыз иелерінің кері қайтарып алу туралы жолданымдары «Кіріс тапсырмалар» сервистегі «Өтініш беруші кері қайтарып алған» қосымша бетіне автоматты түрде түседі. ӘРПҚ-нің 70-бабының 1-тармағына сәйкес, кері қайтарып алу туралы жолданымды арыз иесінен қабылдауы әкімшілік рәсімді тоқтатуға негіз болып табылады.
Өз кезегінде, әкімшілік рәсім әкімшілік органның, лауазымды тұлғаныңшешімімен тоқтатылады. Осылайша, арыз иелерімен кері қайтарып алған жолданымдар бойынша басқа өтініштерге ұқсас шешім қабылдау қажет. Олар бойынша қарау мерзімі келіп түскен сәттен бастап есептеледі. Осыған байланысты, өтініштермен жұмыс істеу тиімділігін қамтамасыз ету және оларды қарау мерзімдерінің бұзылуына жол бермеу мақсатында «Е-Оtinish» 2 ақпараттық жүйесіндегі «Кіріс тапсырмалар» сервисінің «Өтініш беруші кері қайтарып алған» қосымша бетіне ерекше назар аудару (мерзімді тексеру) қажет. Кері қайтару туралы жолданымдар бойынша ӘРПҚ-нің 76-бабында белгіленген мерзімнен артық шешім қабылданған жағдайда, бұл өтініштер қарау мерзімі бұзылған деп есептелетін болады. Мәжіліс соңында аудан әкімі Ғ.Рысбеков баяндама бойынша айтылған кемшіліктерді саралай келе, орындалмай жатқан бөлімдер мен ауылдық округтердің мамандарына шара көру қажеттігін ескертті.
«AQ-QARA.KZ» - ақпарат»