Жұма, 14 Қазан 2022 15:37

Сауран: аудандық мәслихаттың кезекті 22 сессиясы өтті

Сауран ауданы әкімдігі аппаратының мәжіліс залында жетінші шақырылымдағы аудандық мәслихаттың кезекті жиырма екінші сессиясы болып өтті. Сессияны Сауран аудандық мәслихатының хатшысы М.Күнпейісов ашып, жүргізіп отырды. Сессияға аудандық мәслихат депутаттары, аудан әкімінің орынбасарлары, дербес бөлім басшылары, ауылдық округ әкімдері қатысты.

Сессияның күн тәртібіне сәйкес, 13 мәселе қаралды. Мәжілістің күн тәртібіне сәйкес, Сауран ауданы әкімдігі жанындағы жазаларды және өзге де қылмыстық ықпал ету шараларын орындайтын мекемелер мен органдардың қызметіне жәрдемдесу, сондай-ақ, қылмыстық жазаларын өтеген адамдарға әлеуметтік және өзге де көмекті ұйымдастыру жөніндегі консультативтік-кеңесші органның есебін аудан әкімінің орынбасары Е.Жанғазиев, адами әлеуетті дамыту бөлімінің білім беру жүйесін цифрландыру бойынша атқарған жұмыстары туралы бөлім басшысының міндетін уақытша атқарушы Т.Шегенбаев, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары саласын дамыту жұмыстарының барысы туралы бөлім басшысының міндетін уақытша атқарушы А.Әбдіғаппаров баяндама жасады.

Сонымен қатар, жер қатынастары саласын дамыту жұмыстарының барысы туралы аудандық жер қатынастары бөлімінің басшысы Ш.Алиханов, ауыл шаруашылығы саласын дамыту жұмыстарының барысы туралы бөлім басшысы С.Оразбаев, 2022 жылдың осы кезеңіне дейін атқарған жұмыстары туралы Жаңа Иқан ауылдық округі әкімі Т.Абдаев, Ескі Иқан ауылдық округі әкімі Д.Саитов, Шаға ауылдық округі әкімі А.Нарынбетов, Үшқайық ауылдық округі әкімі М.Шалаев, Шорнақ ауылының егжей-тегжейлі жоспарлау жобасы және топографиялық түсірілімен бірлескен бас жоспарын бекіту туралы аудандық құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімінің басшысы С.Исмаилов, Сауран аудандық мәслихатының 2021 жылғы 24 желтоқсандағы «2022-2024 жылдарға арналған таудандық бюджет туралы» №74 шешіміне өзгерістер енгізу туралы» экономика және қаржы бөлімінің басшысы И.Мырзахметов, аудандық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы ішкі саясат бөлімінің басшысы Ә.Құрышбаевтар хабарлама жасады. Күн тәртібіндегі қаралған мәселелер бойынша тиісті ұсыныстар айтылып, баяндамашыларға депутаттар тарапынан сұрақтар қойылып, оған жауаптар берілді.

«AQ-QARA.KZ» - ақпарат»

Оқылды 325 рет