Түркістан облысы: Арыс қаласындағы №5 сектордағы құрылыс жұмыстары аяқталды
Қарағанды облысы мен Төлеби ауданына тапсырылған №5 сектордағы 11 қабатты үйдің 519 пәтеріне және 72 жеке тұрғын үйге жөндеу жұмыстары жүргізіліп бітті. Осыған орай ұйымдастырылған салтанатты шарада Төлеби ауданының әкімі Бауыржан Омарбеков Арыс қаласында орын алған төтенше жағдайға байланысты жарылыстың салдарынан қираған үйлер мен жеке секторларды қалпына келтіру жұмыстарына атсалысқан азаматтарға алғысын білдіріп, облыс әкімінің, облыстық мәслихаттың, Төлеби ауданы әкімінің алғыс хаттарымен және Төлеби аудандық мәслихатының грамотасымен арнайы марапаттады.
- Бөлім:  Билік және саясат