Түркістан облысы: білім саласындағы жемқорлық төмендеп келеді
Таяуда Түркістан облысы әкімдігі мен ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаментінің ұйымдастыруымен білім беру саласындағы сыбайлас жемқорлықтың деңгейін төмендету мәселелері талқыланған жиыннан БАҚ-та қате мәліметтер жарияланды. Аталған жаңсақ мәліметтерді Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі теріске шығарып, төмендегіні хабарлайды.