Түркістан облысындағы өнімдердің сапасы жіті бақылауға алынған

Тексеріс барысында азық-түлік және азық-түлік емес өнімдерінің 29 үлгісі сатып алынды. Оның ішінде сүт өнімінен ішек таяқшалары тобының бактериялары, торт өнімінен стафилококк табылып, жарамдылық мерзімі өтіп кеткен 3 өнім сатылған. Бұл туралы өткен брифингте «Манғыстау облыстық тұтынушылар құқығын қорғау қоғамы» қоғамдық бірлестігінің өкілі Жанна Биятан мәлімдеді.

Түркістан: облыс әкімі халықпен байланысты нығайту, өтініштерге дер кезінде жауап беруді тапсырды

Түркістан облысы бойынша 109 Бірыңғай байланыс орталығына жыл басынан бері 100 837 өтініш, ұсыныс келіп түскен. Орталыққа өтінімдердің 97%-ы қоңырау шалу арқылы және 3%-ы әлеуметтік желілер (Whatsaap, Instagram, Telegram, Facebook) арқылы жоданған.

Түркістан облысында жолдардың бойындағы сервис сапасы жақсара түспек

Түркістан облысында республикалық маңызы бар жол бойында орналасқан санитарлық-гигиеналық тораптар жаңартылып, талапқа келтіріледі. Бұл мәселе облыс әкімі Дархан Сатыбалдының төрағалығымен өткен жиналыста талқыланды.

Түркістан облысында жыл соңына дейін 159 нысан немесе 559,6 шақырым жол пайдалануға беріледі деп күтілуде

Түркістан облысы бойынша автомобиль жолдарының жалпы ұзындығы 17 700 шақырымды құрайды. 2024 жылдың қорытындысымен жақсы және қанағатты жағдайдағы облыстық және аудандық маңызы бар жолдардың үлесін 93,7 пайызға жеткізу көзделген. Бұл туралы брифингте Түркістан облысы жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Қуатжан Жұматаев мәлімдеді.

Созақтағы Абай ауылында қуаттылығы 1600 квт құрайтын қосалқы станция іске қосылды

Созақ ауданы, Абай ауылында 35/10 кВ «Төртши» деп аталатын қосалқы станция іске қосылып, ауыл тұрғындары көптен көтеріп жүрген түйткілді мәселенің түйіні шешілді. Жаңа станцияны іске қосу рәсіміне аудан әкімі Мұхит Тұрысбеков арнайы қатысып, жергілікті тұрғындардың қуанышына ортақтасты.

Түркістан облысында 2030 жылға дейін тауарлы балық өсіру көлемін 20 мың тоннаға жеткізу жоспарланған

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауында балық шаруашылығын дамыту мәселесін көтеріп, осы тапсырмаға орай Балық шаруашылығын дамытудың 2021-2030 жылдарға арналған бағдарламасы қабылданып, республика бойынша 270 мың тонна балық өсіру жоспары бекітілген болатын. Түркістан облысында бұл бағытта жұмыстар жүзеге асырылуда. Осы орайда өңір бойынша 2030 жылға дейін тауарлық балық өсіру көлемін 20 мың тоннаға жеткізу жоспарланып отыр.

Түркістан қаласындағы «Достық үйінде» Қазақстан халқы Ассамблеясы Ақсақалдар кеңесінің республикалық отырысы өтті

Іс-шараға ҚХА төрағасының орынбасары, ҚР Президенті Әкімшілігі – ҚХА хатшылығының меңгерушісі Марат Әзілханов, ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі Этносаралық қатынастарды дамыту комитетінің төрағасы Ғалым Шойкин, Түркістан облысы қоғамдық даму басқармасының басшысы Ерлан Күзембаев, облыстық «Қоғамдық келісім» КММ басшысы Эльмира Жанғазиева және қолданбалы этносаяси зерттеулер институтының директоры Талғат Қалиев, сондай-ақ Ақсақалдар кеңесінің төрағалары мен мүшелері қатысты.

Отырар ауданында керамика өндірісі және ағаш ұқсату шеберлерінің республикалық жәрмеңкесі өтіп жатыр

Бүгін қазақ өркениетінің алтын діңгегі Отырарда «Ұлы Жібек жолы бойындағы керамика өндірісі және ағаш ұқсату өнері» тақырыбында республикалық қолөнер шеберлерінің жәрмеңкесі өтіп жатыр. Қазақ елінің өнер майталмандарының арасын жақындата түсетін, ынтымағын нығайтатын, дәстүрлі өнерін ұштастыратын ауқым іс-шараны Отырар ауданы әкімінің орынбасары Айдос Құлмаханов және «Отырар» мемлекеттік археологиялық музей-қорығы директоры Айбек Жандосов ашып беріп, ұйымдастырушылар мен қатысушыларға сәттілік тіледі.