Шымкент: Қала тұрғындары шаһар экологиясын жақсартуға ат салысуда

Шымкент қаласының тұрғындары «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық бағдарламасын қызу қолдап, экологиялық іс-шараларды жоғары деңгейде өткізуге атсалысып жатыр. Мемлекет басшысының бастамасымен қолға алынып, халықтың экологиялық мәдениетін көтеруге, жастарды Отаншылдық рухында тәрбиелеп, ел мен жерге деген жанашырлық сезімін оятуға бағытталған бағдарлама Шымкент қаласында нәтижелі жүзеге асып жатыр.

Шымкент: Медиацияны дамыту басты міндет

Бүгін Шымкент қаласындағы Ө.Жәнібеков атындағы ОҚМПУ-да Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Этносаралық қатынастарды дамыту комитетінің «Қоғамдық келісім» республикалық мемлекеттік мекемесінің ұйымдастыруымен Қазақстан халқы Ассамблеясының «Елдесу және татуласу» жобасы аясында медиация институтын дамытуға арналған семинар-тренинг басталды.

Семинарды Шымкент қаласы ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасы «Қоғамдық келісім» мекемесінің басшысы Нұркен Әлімқұлов ашып, медиацияны дамыту жайына тоқталды.

– Өркениетті қоғамның іргесі заң болса, тұғыры – құқық. Медиация дегенде ең алдымен дауласушы тараптарды құқықтық жолмен өзара келісімге келтіру, заңның үстемдігі арқылы бірлікті сақтау мәселесі айтылады.

Бүгінгі семинар-тренингте медиациямен күнделікті практикалық тұрғыда айналысып жүрген мамандардың пікірлерін тыңдаймыз. Әрі баяндалған нақтылы мысалдар арқылы өз тәжірибемізді ұштайтын боламыз, – деді Н.Құрманұлы.

Екі күнге созылатын семинарға қаладағы мемлекеттік мекемелер мен құқық қорғау органдарының қызметкерлері, азаматтық қоғам институттарының өкілдері және этномәдени бірлестіктер мен қалалық ҚХА жанындағы қоғамдық құрылымдарының мүшелері, медиация кабинеттерінің үйлестірушілері қатысуда.

Семинар-тренингте Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Этносаралық қатынастарды дамыту комитетінің «Қоғамдық келісім» республикалық мемлекеттік мекемесінің сарапшысы Талшын Италиева, Қазақстан халқы Ассамблеясы республикалық Этномедиация кеңесінің төрағасы, Ұлттық Құрылтай мүшесі Шерзод Пулатов, психолог-конфликтолог Резеда Баймухаметова сынды жоғары білікті мамандар шымкенттік тыңдаушыларға дәріс оқып, білімдерімен және оң тәжірибелерімен бөлісуде.

 

«Атамекен» ҰКП төрағасы Шымкентке іссапармен келді

«Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының Басқарма Төрағасы Райымбек Баталов Шымкент қаласына жұмыс сапарымен келді. Райымбек Баталов алдымен Шымкент қаласы кәсіпкерлер палатасының жанындағы көпфункционалды қызмет көрсету орталығының жұмысымен танысып, «Invest Shymkent» фронт-кеңсесінде болды. 

Шымкент: Еңбекші ауданы тұрғындарының талап-тілектері тыңдалды

Қала әкімі Еңбекші ауданындағы Шаңырақ, Тұрдыабад Базарқақпа, Абдулабад шағын аудандары мен тұрғын алаптарының азаматтарымен кездесті. Кездесу барысында тұрғындар коммуналдық қызметтердің жұмысы, электрмен жабдықтау, қаңғыбас иттер, автобус аялдамалары мен жол белгілерін орнату және көше жарықтандыру мәселелерін көтерді.

Шымкентте қолөнер шеберлерінің көрме-жәрмеңкесі өтуде

Қаладағы Көрме орталығында «Халық мұрасы – халық қазынасы» қолөнер шеберлерінің көрме-жәрмеңкесі өтуде. Іс-шараның басты мақсаты –қолөнер шеберлерін халыққа таныстыру, оларға өз тұтынушысымен дидарласып, іскерлік, сауда-саттық қарым-қатынас жасауға ашық алаң ұсыну, сондай-ақ, өскелең ұрпаққа ұлттық қолөнерді дәріптеу, насихаттау. 

Сауран ауданында мақта шаруашылығын дамытуға күш салынуда

Жоғары сапалы шитті мақтаны өсіріп, оны өңдеуге ден қойылған. Өңірде мақта-тоқыма кластерін құру бойынша ауқымды жұмыстар жүргізіліп жатыр. Бұл мақсатта шитті мақтаны сатудан бөлек, мақта талшығын терең қайта өңдеуге басымдық беріледі.

Түркістан: облыс әкімінің орынбасары мақта терім науқанының барысымен танысып қайтты

Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалдының тапсырмасына сәйкес Жетісай ауданына жұмыс сапарымен барған облыс әкімінің орынбасары Нұрбол Тұрашбеков пен облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Нұрбек Бадырақов мақта алқаптары мен мақта зауыттарында, мақта қабылдау пунктерінде болып, шаруалармен тілдесті. Негізгі табысын агросектордан алатын ауданда өнім көлемі мен сапасын арттыру мақсатында тік дренаждарды іске қосу, елді мекендердегі жерасты суын төмендете отырып көгалдандыру, абаттандыру бойынша атқарылып жатқан жұмыстармен танысты.

Түркістан облысында бәсекеге қабылетті өндіріс орындары ашылатын болады

Түркістан облысында аса маңызды әрі елдің экономикасын көтеретін жобалар жүзеге асырылып жатыр. Олардың қазіргі жай-күйі қандай? Қандай мәселелері бар? Өңірлік инвестициялық штабтың кезекті мәжілісінде осы түйткілдер тарқатылды. Жиынды облыс әкімінің орынбасары Нұралхан Көшеров жүргізіп, жобалардың жағдайымен таныстырды. Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды әрбір инвестордың пікірін, ұсынысын тыңдап, жауаптыларға тиісті тапсырмалар берді.