Super User

Super User

Конституция мерекесіне орай полицейлердің қатысуымен конференция өтті

Конституция мерекесіне орай Түркістан облысы Полиция департаментіне филология ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Журналистер одағы сыйлығының иегері Сейдулла Садықов пен Түркістан облыстық Қоғамдық кеңес мүшесі, ІІО-ның ардагері Бақытжан Бейсембаев арнайы шақыртылды. Жиынға жеке құрам қызметкерлері қатыстырылды. Себебі шараның негізгі мақсаты - «30 тамыз-Конституция» күні мерекесінің тарихы мен маңызын полиция қызметкерлеріне баяндау арқылы ұлттық құндылықтарды насихаттау.

Конференция барысында ұлағатты ұстаз С.Садықов полиция қызметкерлеріне арнайы баяндама оқыды. Елдегі конституциялық құрылысты қорғаудағы және құқықтық тәртіпті қамтамасыз етудегі ішкі істер органдарының рөлі туралы айтты. Ол: «Тәуелсіздіктің тұғырлы, Конституцияның бекем болуына құқық қорғау органдарының үлесі зор. Ішкі істер саласында қызмет ететін сіздерге үлкен алғыс білдіремін. Ел үшін жанын берер нағыз маман екендіктеріңізге көзіміз талай рет жетіп келеді. Ел басына күн туғанда, ең алғаш болып бас көтеретін сіздерсіздер.

Сіздердің ел арасында мәртебелеріңіз биік болғанын қалаймын. Осы тұста сіздерді «30 тамыз – Конституция күнімен» құттықтаймын!» - деп атап өтті. Бас қосу кезінде полицейлер профессорға өз сауалдарын жолдап, тұщымды жауаптар алды. Елдің дамуы мен өркендеуі, қылмыссыз қоғам мен қауіпсіздік туралы да кеңінен әңгіме өрбіді.

Жалпы полиция қызметкерлерінің атқаратын шаруасы, жауапкершілігі орасан зор. Еліміздің тыныштығы мен татулығы, жас ұрпақтың тәрбиесі мен тәртібінің жоғары деңгейде болуы - полицейлердің қарқынды жұмыс жасап, ел болашағына алаңдауынан көрініс таппақ.

«Конституция күні» мерекесіне орай Түркістан облысының үздік полицейлері марапатталды

Бүгін «Қазақстан Республикасының Конституция күні» мерекесіне орай Түркістан облысы Полиция департаментінің мәжіліс залында марапаттау рәсімі өтті. Іс-шараға Түркістан облысы Полиция департаментінің бастығы полиция генерал-майоры Мұрат Қабденов арнайы қатысып, барша полицейлерді мерекемен құттықтады. Жиын барысында «Конституция күні» мерекесінің маңыздылығын көрсететін, арнайы дайындалған бейнеролик ұсынылды.

Одан соң, облыстың бас полицейі М.Қабденов өздеріне жүктелген міндетті абыройлы атқарып жүрген үздік тәртіп сақшыларын марапаттады.

Генералдың қолынан көптен күткен шендерін, яғни «полиция подполковнигі арнаулы атағын» полиция майоры Серғали Таутаев, «Кезектен тыс полиция капитаны арнаулы атағын» полиция аға лейтенанты Ерқанат Абдраманов, полиция аға лейтенанты Нұрсұлтан Төреқұловтар алды.

ІІМ-нің Құрмет грамотасымен полиция майоры Д.Балданов, I дәрежелі «Ішкі істер органдарының үздігі» төсбелгісімен полиция аға сержанты Н.Құттыбаев, ҚР ІІМ-нің Грамотасымен полиция капитаны Е.Бердиев, ҚР ІІМ-нің Алғыс хатымен полиция капитаны Ш.Турсуманова, полиция капитаны Д.Ерденова және 6 қызметкерге алғыс жарияланды.

Сонымен қатар қызметтік міндеттерін адал атқарғаны үшін Департаменттің Грамотасымен: полиция капитаны Б.Дүйсебек, полиция аға лейтенанты Н.Утешов, Алғыс хатпен полиция майоры Н.Набиалиев, полиция аға сержанты Н.Әлімқұлов марапатталды.

«Қазақстан полициясына 30 жыл» мерекелік төсбелгісімен баспасөз қызметінің маманы Жанна Исмаилова наградталды. Осы бұйрықпен 18 қызметкерге алғыс жарияланды.

Полиция генерал-майоры Мұрат Қабденов халық пен елге қызмет етуді өзіне азаматтық борыш санаған тәртіп сақшыларын марапаттарымен құттықтай отырып, еңбектеріне табыс, қызметте абырой тіледі!

 

500 000 теңгенің ұялы телефонын ұрлаған ер адам анықталды

Мақтаарал аудандық полиция бөліміне жергілікті тұрғын арызданды. Жас жігіттің айтуынша, оның үйінен «Iphone 12 Pro» маркалы ұялы телефонын белгісіз біреу ұрлап кеткен. Жәбірленушіге келген шығын көлемі 500 000 теңгеге жуық. Аталған жайтты полиция қызметкерлері ҚР ҚК-нің 188-бабы «Ұрлық» бойынша тіркеуге алды.

Хабарлама келіп түскен бойда тәртіп сақшылары бірден іске кірісті. Олар қылмысты ашуға бағытталған қажетті шараларды жүзеге асырды. Нәтижесінде қылмысқа қатысы бар күдікті анықталды. Ол жергілікті тұрғын болып шықты.

Анықталғандай, жәбірленуші үйін сатылымға қойған. Ал күдікті үйді сатып алушы болып келген. Ол шкаф үстінде тұрған ұялы телефонға көзі түсіп, бөтеннің мүлкін жасырын жымқырған. Полицейлер күдіктіден ұялы телефонды айғақ зат ретінде алды. Қазіргі таңда оған қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Түркістан облысы полицейлері тұрғындарға ұрлықтың алдын алу үшін жеке мүліктерге сақ болуды ескертеді. Сонымен қатар, таныс және бейтаныс адамдарға сенім артпауға кеңес береді.

Түркістан облысында дүкен алдындағы 30 дана қауынды жымқырып кеткен жігіт анықталды

Түркістан ҚПБ-ға жергілікті тұрғын арызданды. Ер адамның айтуынша, оның дүкен сыртында тұрған 30 дана қауынын белгісіз біреу жымқырып кеткен. Аталған жайт ҚР ҚК-нің 188-бабы «Ұрлық» бойынша тіркелді.

Белгілі болғандай, күдікті өзінің көлігімен келе жатып дүкен бойындағы қараусыз тұрған қауынды көріп, өзімен бірге алып кетеді. Яғни бөтеннің мүлкін жасырын жымқыру ойы туындап, ешкімнің бақылап тұрмағанына көз жеткізіп, 30 дана қауынды автокөлігіне салып кетіп қалған. Сұрастыру жұмыстары кезінде куәлардан ақпараттар жинақталып, бейнекамераның көмегімен күдікті ер адам анықталды.

Қазіргі таңда күдіктіге қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Өз сөзінде күдікті қауынды жарамсыз деп санап, бағып отырған сиырына бермекші болғанын айтты. Қазіргі таңда оқиғаның толық мән-жайы анықталуда.

Осы RSS каналға жазылу