Super User

Super User

«30 тамыз - Конституция күні» мерекесіне орай ішкі істер органдарының ардагерлері марапатталды

Жетісай аудандық полиция бөлімінің бастығы Әділбек Сапарбеков мәжіліс залында «30 тамыз – Конституция күні» мерекесіне орай марапаттау рәсімін өткізді. Жеке құрам қызметкерлерінің қатысуымен өткен шарада өздерінің қызметтік міндеттерін адал атқарған ардагерлер арнайы төсбелгімен марапатталды.

Жеке құрам қызметкерлері марапаттау рәсіміне ішкі істер органдарының 17 ардагерін арнайы шықырып, құрмет көрсетті. Яғни қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуде атқарған жұмыстарына алғыс айтты. Жиын барысында ардагерлер өздерінің қызметтік жолдарындағы тәжірибелерімен бөлісті. Сонымен қатар, жұмыс кезінде кездескен қиындықтар мен қызықты оқиғаларын ортаға салды. Және жас тәртіп сақшыларына ақыл-кеңестерін айтты. Шара соңында жиынға қатысқандар естелікке суретке түсіп, көтеріңкі көңіл-күймен тарқасты.

Жүргізуші куәлігін жасап беремін деп 4 бірдей ер азаматты алдаған Алматы облысының тұрғыны анықталды

Кентау ҚПБ-ға жергілікті тұрғын алаяқтың құрбаны болғаны жөнінде хабарлап, шағым түсірді. Жәбірленуші азаматтың айтуынша, ол 2021 жылы мамыр айында мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығының жанында бейтаныс ер адаммен танысады. Содан әңгіме барысында танысқан азамат жүргізуші куәлігін тез арада істеп бере алатынын айтып, әбден сендіреді.

Осыдан соң ер азамат бейтаныс адамға 200 000 теңге береді. Алайда 2 ай ішінде бітеді деген жалған уәде 1 жылға созылады. Жәбірленуші не ақшасын, не куәлікті ала алмағаннан кейін, полицейлерден көмек сұрайды. Аталған жайт ҚР ҚК-нің 190-бабы «Алаяқтық» бойынша тіркеуге алынды.

Алаяқтық қылмысына байланысты полиция қызметкерлерінен тергеу тобы құрылып, істің ақ-қарасын ажыратуға кірісті. Нәтижесінде осы жайтқа қатысы бар Алматы облысының тұрғыны анықталды. Қазіргі таңда күдіктіге қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Полицейлер оның еш жерде жұмыс істемейтінін анықтады. Сондай-ақ ұсталған ер адам бұған дейін де дәл осындай алаяқтықпен жүргізуші куәлігін жасап беретінін айтып 3 азаматтан ақша алғаны расталды. Жалпы шығын көлемі 600 000 теңге. Осы орайда, тәртіп сақшылары қала тұрғындарына алаяқтың құрбаны болмас үшін, бейтаныс адамдармен әңгімелескенде аса сақ болуды сұрайды.

ШЫМКЕНТ: АЙНАТАС ТҰРҒЫН АЛАБЫНЫҢ 9 КӨШЕСІНЕ АСФАЛЬТ ТӨСЕЛУДЕ

Жол құрылыс жұмыстарын жүргізу барысында бекітілген жоспарға сәйкес, жыл сайын орташа жөндеу жұмыстары бойынша қаланың орталық магистралды көшелерімен қатар, аудандық маңызы бар ішкі орамдық көшелер басты назарға алынады.  Еңбекші ауданы Айнатас тұрғын алабының Бесқұлан, Сарыөзен, Желді, Ақшығанақ, Құмтөкей, Көкорда , Шоқтас, Озыген, Бестерек көшелеріне асфальт төсеу жұмыстары жүргізілді. Аталмыш жұмыстар тамыз айының соңына дейін толығымен аяқталып, пайдалануға беріледі. Тұрғын алаптағы асфальт төселген жолдың жалпы ұзындығы 5 шақырымнан асады.

Айта кетейік, үшінші мегаполисте қала шаруашылығын дамытудың 2021-2025 жылдарға арналған 5 жылдық жоспары бекітілген. Соған сәйкес, жыл сайын 200 шақырымнан астам жол жөнделуі тиіс. Жауапты мамандардың мәліметінше, биыл қала орталығындағы үлкен көшелер мен шалғай аудандардағы жолдарды қосқанда 187 нысан жұмыс жоспарына енгізілген. Тиісті жұмыс нәтижесінде ұзын-саны 350 шақырымнан астам жол қалпына келтіріледі. Орташа жөндеу жұмыстары бойынша бүгінде 91 нысан - 202 көшенің жөндеу жұмыстары аяқталды.А-2 автомобиль жолының 2-кезеңінде қаралған жолайырық құрылысының жартысы орындалса, Самал-1, 2 және 3 шағынаудандарында 12,2 шақырым жол салынып, ел игілігіне берілді. Бүгінде жұмыстың 95 пайызы жүзеге асқан. Қонаев даңғылы мен Рысқұлов көшелесінің қиылысындағы жолайрық жұмысының да 90 пайызы аяқталып, қиылыстағы жолаушылар өткелін салу жұмыстарының да біткелі тұр.Оған қоса биыл ірі 5 нысан пайдалануға беріледі деп жоспарланған. Қазіргі таңда жол құрылысы қарқынды жүргізілуде. Атап айтқанда, Қонаев даңғылы жалғасының 3-кезеңінің жұмыстары шілде айының соңына дейін аяқталмақ.Бүгінде жұмыстың 90 пайызы аяқталды.

Қазіргі таңда жол құрылысы жұмыстарына барлығы 38 мердігер мекеме жұмылдырылған. Ал 61 көшедегі тиісті жұмысты жүргізетін мердігер мекемені анықтау мақсатында мемлекеттік сатып алу конкурсы жүргізілуде.

ШЫМКЕНТ: МАЛ САТУҒА ТЫЙЫМ САЛЫНАДЫ

Еңбекші ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыруымен Базарқақпа тұрғын алабы Абдулабад көшесі №56 мекенжайында орналасқан «Басымбек ата Сайрам» мал базарының жұмысына зерделеу-түсіндіру жұмыстарын жүргізу мақсатында арнайы жиын өтті. Оған құзырлы басқармалардың және аумақтық инспекциялардың өкілдері қатысты. 

Қазіргі таңда аптаның әр жұма күні бұл базарда мал ретсіз, қадағалаусыз сатылып жатыр. Сонымен қатар ветеринариялық-санитарлық талаптарға қайшы және жердің нысаналық мақсатына сай емес пайдалануда.

Бұл өз кезегінде аумақта эпизотиялық тұрақтылықты қамтамасыз етуге кері әсір етіп, адам өмірі мен қоршаған ортаға аса қауіпті аурулардың пайда болуына алып келуі мүмкін. Бұл жағдайға жол бермеу мақсатында, базар басшылығына мал саудасына тыйым салу жөнінде түсіндірілді. 

Естеріңізге сала кетейік, 2020 жылдың 16 қыркүйегінде Шымкент қаласы әкімдігінің қаулысымен Абдулабад көшесі, №56 учаске көлемінде  10.2 гектар жер телімі «Юлдашбай ата» ЖШС-не 5 жыл мерзімге жалға берілген еді. Еңбекші ауданының аумағында орналасқан базардың  тиісті жер теліміне қатысты құжаттары жалған болып шықты. Қазіргі таңда қалалық орта сапасы және бақылау басқармасы басшысының сөзінше аталған жайтқа байланысты арнайы тексеру жұмыстары жүргізілуде.

   Бұдан бөлек, құрылыс-монтаждау жұмыстарын жүргізу бойынша базар тарапынан тиісті мекемелерге хабарлама жолданбаған. Осы жайтқа байланысты әкімшілік хаттама толтырылып, нәтижесінде кінәлі тарап 1 346 000 теңге айыппұл арқалаған.  Сондай-ақ, базар мен өзге ғимараттар арасында міндетті арақашықтықтың сақталмағандығы анықталды. Бұл туралы базар басшылығына жауапты тараптан ескерту жасалған десе, базар өкілі мұндай талаптардың жақында ғана хабарланғандығын алға тартуда.

      Жыр болған базардың былығы мұнымен біткен жоқ.  Мал базарға кіру құны әр жануар басына 500 теңге мен 1000 теңгенің арасын құрайды. 7 күн сайын базарға жақын аумақтардан түрлі ірі қара мен ауыл шаруашылығы жануарлары ретсіз әкелініп, саудалануда. Оның үстіне, киім-кешек, көкөніс пен жеміс-жидек сатылатын базардағы жағдай ветеринариялық талаптарға сай емес, жұмыстар қадағалаусыз жүріп жатыр. Алайда, бірнеше рет ескерту мен «санитарлық талаптарға сай емес» деген қорытынды келсе де базар саудасы  неліктен тоқтамай тұр? Базар әкімшілігінің сауда орнын жабуға шамасы келмей ме? Бұл жағдайға   Базарқақпа тұрғын үй алабының тұрғындары «базарды жаппай, керісінше құжаттастырып, заңға сәйкес жұмысын жалғастырса екен», -деп өз өтініштерін білдіруде.

   Аумақта эпизотиялық тұрақтылықты қамтамасыз етуге кері әсір етіп, адам өмірі мен қоршаған ортаға аса қауіпті аурулардың пайда болуына алып келуі мүмкін. Бұл жағдайға жол бермеу мақсатында, базар басшылығына мал саудасына тыйым салу жөнінде түсіндірілді.

     

 

Осы RSS каналға жазылу