Super User

Super User

Түркістан: Полицейлер алаяқты ұстады

Түркістаноблысыныңполицейлеріінісінқамауданшығарыпбереміндептұрғындыалдағаналаяқтыанықтады.

Кентау ҚПБ-ға жергілікті тұрғын шағым түсірді. Жәбірленуші әйелдің айтуынша өзіне жақсы таныс емес азамат, күдікті деп танылған інісін қамаудан шығарып беремін деп алдап, сеніміне кірген. Содан тұрғын алаяққа алданып оған 300 000 теңге ақшасын берген. Алайда ақшаны алған ер адам тұрғынға әр түрлі сылтау айтып, одан қашып жүрген. Осылайша жәбірленуші әйел алаяққа алданғанын түсініп, полицейлерден көмек сұрайды. Аталған жайт ҚР ҚК-нің 190-бабы «Алаяқтық» бойынша тіркелді.

Кентаулық тұрғынды алдап түсірген алаяқты анықтап, ұстау мақсатында қырағы полицейлер қатарынан жедел-тергеу тобы құрылды. Тәртіп сақшылары жәбірленушінің айтуымен күдіктіні іздеп, басқа аудан, қалаларға бағыттамалар берді. Нәтижесінде полиция қызметкерлері күдіктіні жергілікті мекенжайынан анықтады. Ол жұмыссыз, жергілікті тұрғын болып шықты. Қазіргі таңда сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Түркістан облысы полицейлері азаматтарға өзіңізге бейтаныс адамдарға сенбеуді, олардың заңсыз ұсынған ұсыныстарын қабыл алмауды ескертеді. «Жұмысқа тұрғызып беремін, мемлекеттік жәрдемақы, көмек алып беремін, кезексіз тірлігіңізді бітіріп беремін»- деген сарында уәде беретін алаяққа сенім артпауға шақырады.

Бірнеше ұрлық жайтына қатысы бар ордабасылық ер адам қамауға алынды

Ордабасы аудандық полиция бөліміне екі бірдей жергілікті тұрғын арызданды. Жәбірленуші ер адамның айтуынша, оның тұрғын үйінің ошақханасынан бұрғылау, ағаш сүргілеу және ағаш кесетін құралдарын белгісіз біреу ұрлап кеткен.

Жәбірленушіге жалпы келтірілген шығын көлемі 245 000 теңге. Ал екінші жәбірленуші әйелдің айтуынша, белгісіз біреу оның алтын жүзігі пен сырғасын, банк карточкасын жасырын түрде жымқырып кеткен. Келтірілген шығын көлемі 317 000 теңге. Аталған жайтты полиция қызметкерлері ҚР ҚК-нің 188-бабы «Ұрлық» бойынша тіркеуге алды.

Хабарлама келіп түскен бойда тәртіп сақшылары бірден іске кірісті. Олар қылмысты ашу үшін қажетті шаралардың барлығын жүзеге асырды. Көрген-білгендерден сұрастыру жұмыстарын жүргізді. Тәртіп сақшыларының жедел-іздестіру жұмыстарының нәтижесінде, күдікті анықталды. Ол жергілікті тұрғын болып шықты.

Анықталғандай, күдікті ер адам жәбірленушінің танысы екендігі белгілі болды. Ол екі жәбірленушінің үйінен жымқырған заттарды сатып, ақшасын жаратып жіберген. Қазіргі таңда күдікті қамауға алынып, тергеу амалдары жүргізілуде.

Түркістан облысының полицейлері тұрғындарға ұрлық қылмысын болдырмас үшін тұрғын үйлер мен ғимараттарға, дүкендерге бейнебақылау камералары мен арнайы дабылқаққыштар орнатуға кеңес береді. Сонымен қатар түнгі уақытта есік-терезелерді құлыптап қоюды ескертеді.

Түркістан облысы ПД бастығының бірінші орынбасары "Сауран" шеп-бекетінің жұмысын тексеріп, жүргізушілермен сұқбаттасты

Түркістан облысы полиция департаменті бастығының жаңа бірінші орынбасары полиция полковнигі Бағланбек Есімбекұлы Айтпаев "Самара-Шымкент" тас жолында орналасқан "Сауран" стационарлық бақылау шеп-бекетінде болып, көрші облыстардан келетін және кері қарай өтетін көлік ағынын бақылады.

Сондай-ақ жергілікті жерлердегі полиция қызметкерлерінің жұмысымен танысты.

Полиция полковнигі Б.Айтпаев бүгінгі таңда заманауи техникамен, бейнебақылау камераларымен және радиобайланыспен жабдықталған стационарлық бекет ғимаратын аралап көрді, бұл полицейлерге жол қозғалысының қауіпсіздігін ұдайы қадағалауға көмектеседі. Тәртіп сақшылары өтіп бара жатқан автокөлікті тексеруге және құқық бұзушылықты анықтауға мүмкіндік беретін планшеттермен жабдықталған.

Сондай-ақ бастықтың бірінші орынбасары жолдардағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету, автокөліктің техникалық жағдайын тексеру, жылдамдық режимін бұзудың жолын кесу, заңсыз қайта жабдықтау, жолаушылар мен жүктерді тасымалдау ережелері және басқа да құқық бұзушылықтар бойынша полиция қызметкерлерінің жұмысын бағалады.

Сонымен қатар полиция полковнигі Бағланбек Есімбекұлы стационарлық бекет арқылы өтетін ауыр жүк көліктері мен жолаушылар автобустарының жүргізушілерімен жол қозғалысы ережелерін, жолдардағы қашықтықты қатаң сақтау, жылдамдық режимін бұзбау және қауіпсіздік белдіктерін тағу қажеттілігі туралы түсіндіру жұмысын жүргізді.

Оған қоса рейстер мен ұзақ сапарлар кезінде демалып, көз ілу үшін аялдауға кеңес берді.

Полицейлер

жүргізушілерге жол қозғалысы ережелерін сақтаудың маңыздылығы туралы ескертетін жадынамалар таратты.

Түркістан облысының полицейлері жүргізушілер мен жолаушыларды жол жүру ережелерін сақтауға, жылдамдық режимін бұзбауға, ең бастысы мас күйде рульге отырмауға тағы да шақырады. Жолда абай болыңыздар!

Түркстан облысы ПД баспасөз қызметі

Түркістан қаласының полицейлері жол белгілері мен таңбаларды орнату жұмыстарын жүргізді

Естеріңізге сала кетейік, ағымдағы жылдың 9-19 тамыз аралығында Түркістан облысында "Абайлаңыз, балалар!" іс-шарасы өткізілді.

Оның негізгі мақсаты - балалардың қатысуымен болатын жол-көлік оқиғаларының алдын алу, автокөлік жүргізушілерінің жол қозғалысы ережелерін бұзуына жол бермеу және балалардың көшелер мен жолдардағы қауіпсіз жүріс-тұрысымен байланысты дағдыларын нығайту.

"Абайлаңыз, балалар!" жедел алдын алу іс-шарасы аясында Түркістан қ. ПБ-ның әкімшілік полиция қызметкерлері көше-жол белгілерін тексеріп, соның ішінде мектептер мен балабақшаларға жақын маңда таңбаларды орнату жұмыстарын жүргізді.

Мәселен, Түркістан қаласындағы Бірлік шағын ауданында балабақша алдындағы жолға 3 жасанды тегіс емес және 28 жол белгісі, оның ішінде "Жол беріңіздер" таңбасының 14-і мен "Басты жол" белгісінің 12-сі, Тұраққа тыйым салынады! деген таңбаның екеуі орнатылды.

Өз кезегінде Түркістан қаласының полицейлері жүргізушілерді жол қозғалысы ережелері мен жылдамдық режимін сақтауға шақырады. Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілер, жолдарда мұқият болыңыздар!

Осы RSS каналға жазылу