Super User

Super User

Велосипед ұрлаған күдікті анықталды

Мақтаарал аудандық полиция бөліміне жергілікті тұрғын арызданды. Жас жігіттің айтуынша, «Атакент-Жетісай» тас жолының бойында оның «Asbike» маркалы велосипедін белгісіз біреу жасырын жымқырып кеткен.

Жәбірленушіге келген шығын көлемі 60 000 теңге. Аталған жайтты полиция қызметкерлері ҚР ҚК-нің 188-бабы «Ұрлық» бойынша тіркеуге алды.

Тәртіп сақшалары хабарлама келіп түскен бойда жедел іске кірісті. Қылмысты ашу үшін қажетті шараларды жүзеге асырды. Жедел-іздестіру жұмыстарының нәтижесінде, күдікті анықталды. Сезікті жергілікті тұрғын болып шықты.

Анықталғандай, күдікті жеңіл жолмен ақша табуды көздеген. Велосипед айғақты зат ретінде алынып, иесіне қайтарылды. Қазіргі таңда оған қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Түркістан облысының полицейлері өздеріңіздің жеке мүліктеріңізге сақ болуды ескертеді.

Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі

Жетісайлық полицейлер жол жүру ережелері бойынша жиналыс өткізді

Жетісай аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері жолда жүру ережесі бойынша тұрғындарға тұрақты түрде түсіндірме жұмыстарын жүргізуде. Осы тұрғыда Төтенше жағдайлар және Өрт сөндіру бөлімінің қызметкерлерімен де арнайы кездесу өткізіп, жолда жүру ережелерін толық таныстырды.

Шараның басты мақсаты - жолдағы қайғылы жайдайлар жүргізушілердің жылдамдықты шектен тыс асыратыны және жүргізушілер мен мас күйінде көлік басқаратындардың кесірінен орын алатын жайларды болдырмау. Жиынға қатысқандар өздерінің ойлары мен ұсыныс-пікірлерін ортаға салды.

Сонымен қатар ауданда жол-көлік оқиғалары мен түрлі құқық бұзушылықтарды дер кезінде анықтау және алдын алу мақсатында Жетісай қаласының орталық М.Әуезов, С.Қожанов, А.Яссауи көшелеріне сандық форматтағы жаңа бейнекамералар орнатылды. Бұдан бөлек «Сергек» камералары Жетісай қаласының ішкі және сыртқы маңызы бар, қауіпті жол- көлік оқиғалары жиі орын алатын көшелерге алдағы уақытта қойылатындығын айтты.

Айта кететін жайт, Жетісай АПБ-нің қызметкерлері жолда жүру ережелерін сақтауы үшін әр жұма-сенбі күндері аудан бойынша рейдтік тексеріс жұмыстарын қарқынды жүргізуде.

Полицейлер жол көлік оқиғасын болдырмау үшін көлік жүргізушілеріне жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауды ескертеді!

 

Келестік полицейлер қайырымдылық жасады

Тәртіп сақшылары - қылмыспен күресуде белсенді жұмыс атқарып, әділдіктің шыңында жүретін, қашан да спортты серік етіп, қайырымдылық шарасынан да қалыс қалмайтын маман иелері.

Осы тұрғыда келестік сақшылар полиция полковнигі Саттар Отыншиев пен полиция капитаны Дастан Жамаловтың бастамасымен 3 баласы бар, тұрмысы төмен мұқтаж отбасына барып, мектепке қажетті құрал-саймандарды сыйға тарту етіп, алдағы оқу жылдарына сәттілік тіледі. Тәртіп сақшыларының сыйлағанына дән риза болған балалар өздерінің қуаныштарын жасыра алмады.

Өткізілген қайырымдылық шарасы барысында 3 баланың анасы Ақмарал Қанлибаевна полицейлерге өзінің ризашылығын білдірді: «Полиция қызметкерлеріне алғыс айтамын. Мынау қиын-қыстау заманда балаларға қайырымдылық жасап, мектепке қажетті керек-жарақтарын алып берді. Дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға амандық тілеймін. Жасаған жақсылықтарыңыз Алладан қайтсын!» - деп атап өтті.

 

ЖЕТІСАЙ ПОЛИЦИЯ БӨЛІМІНЕ ЖАҢА БАСТЫҚ КЕЛДІ

ҚР ІІМ келісімі бойынша Түркістан облысы Полиция департаментінің бұйрығымен Жетісай аудандық полиция бөлімінің бастығы лауазымына полиция полковнигі Әділбек Әбдірайымұлы Сапарбеков тағайындалды.

Полиция полковнигі Әділбек Сапарбеков ішкі істер органдарында 1994 жылдан бері қызмет етіп келеді. Білімі жоғары, заңгер. 2001 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік университетін бітірген.

Қызметін патрульдік-бекеттік қызмет взводының милиционері, одан кейін Жетісай ауданы ІІБ жедел басқару бөлімшесінің инспекторы болып бастады. Одан әрі Мақтарал ауданы ІІБ және 1-ПБ, 2-ПБ түрлі жедел және басшылық лауазымдарында жұмыс жасады. Ал 2018 жылдан бастап Түркістан облысы ПД Мақтаарал аудандық ПБ бастығы қызметін атқарды.

Түркістан облысы ПД бастығының м.а. полиция полковнигі Асылжан Қалдарбеков жаңа басшыны Жетісай аудандық полиция бөлімінің жеке құрамына таныстырып, жұмысына табыс тіледі.

Осы RSS каналға жазылу