Super User

Super User

ШЫМКЕНТ: БИЫЛ АБАЙ АУДАНЫ АУЫЗ СУМЕН 100 % ҚАМТЫЛАДЫ

Қала әкімінің есепті кездесуінде Абай ауданының әкімі Б.Парманов ауданның инженерлік-инфрақұрылыммен қамтылу барысы туралы айтты.

Осы жылы аудан тұрғындарын ауыз сумен қамту 100 пайызға жеткізу жоспарланған. Бұл мақсатта Құрсай (Арғымақ) шағын ауданында құрылыс жұмыстары жүргізілуде.

Нұршуақ, Батыс, Жаңаталап елдімекендерінде құрылыс жұмыстары осы жылы ақталып, электр желісімен қамтылу көрсеткіші де 100 пайызға жетеді.

Биыл табиғи газбен қамту көрсеткіші 91 пайызға жетеді. Осы мақсатта Көкбұлақ, Батыс, Арғымақ, Ақжар, Ақтас, Ақтас-2, Нұршуақ елдімекендерінде құрылыс жұмыстар басталды, жыл соңына дейін аяқталады. Нұршуақ тұрғын алабындағы жұмыстар келесі жылға өтпелі.

27 мың халқы бар Самал-3 және 6300 халқы бар Солтүстік-батыс шағын аудандары осы жылы кәріз жүйесімен қамтылады. Қамтылу көрсеткіші 41,4 пайызға жетеді.

56,5 шақырымды құрайтын 39 көшеде жол жөндеу жұмыстары жүргізілуде.

Естеріңізге сала кетейік, осыдан туры бір жыл бұрын аудан әкімі Б.Парманов қала әкімдігінің «Instagram» және Facebook парақшасында өткен тікелей эфирде аудан тұрғындарының 71% сапалы ауыз сумен қамтылып отырғанын мәлімдеген еді.

Оның айтуынша, ұңғыма және тасымалды ауыз су пайдаланып отырған 10 елді мекеннің 8-де  2021жылы ауыз су құрылысы жүргізіліп, нәтижесінде 25 мыңға жуық тұрғын таза сумен қамтылады. Оның ішінде 4 елді мекеннің тұрғындарына ауыз су жүйелерін қосу жұмыстары жүргізілуде. Атап айтқанда: «Игілік», «Қызылжар», «Көкбұлақ», «Тәуелсіздікке 20 жыл». Қалған 4 елді мекеннің яғни, «Жаңаталап», «Ынтымақ-2», «Жаңа Тұрлан», «Солтүстік саяжай» (Нұршуақ) құрылыс жұмыстары 2021 жылы аяқталуы керек еді. 2022 жылға өтпелі екі елді мекеннің (Ақтас-2, Құрсай) ЖСҚ-н дайындауға – 48,6 млн. теңге бөлініп, «Ұлмад» ЖШС тарапынан жоба дайындалды. 2021 жылы құрылыс жұмыстарын жүргізу жоспарлануда.Бір сағатқа созылған тікелей эфирді 1500-нан астам қала тұрғыны қарады. Осы уақыт ішінде аудан тұрғындары тарапынан ауыз су, газбен қамту, сапалы электрмен қамту және жол мен қоғамдық көлік мәселесіне қатысты 100 ден астам сұрақтар келіп түсті. Аудан әкімі сауалдардың көпшілігіне толық жауап беріп өтті.

ШЫМКЕНТ ӘКІМІНІҢ АБАЙ АУДАНЫ ТҰРҒЫНДАРЫМЕН КЕЗЕКТІ КЕЗДЕСУІ

Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтеновтің Абай ауданы тұрғындарымен жоспарланған есепті кездесуі өтті. Әкім 6 айдағы қаланың әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштерін баяндап, тұрғындардың сауалына жауап берді.

- Халықпен кездесулер өткізудің 2022 жылға арналған күнтізбелері бекітіліп, тоқсан сайын тұрақты кездесулер өткізілуде. Бұл жаңа әдістің қажеттілігі мен тиімділігіне көз жеткізіп отырмыз. Себебі, мен 2022 жылдың I жарты жылдығында тұрғын алаптар мен шағын аудандарды аралап, 84 кездесу өткіздім. Жалпы кездесулерде қала тұрғындарынан 874 ұсыныс-пікір түсіп, оның 374-і орындалып, 316-ы жыл соңына дейін орындалады деп күтілуде. Ал, 184 мәселе ұзақ-мерзімді шешуді қажет ететіндіктен 2023-2025 жылдардың жоспарына енгізілген» - деді М.Әйтенов.

Оның ішінде Абай ауданы тұрғындарымен 18 елдімекенде 63 кездесу өтті. 216 мәселе көтеріліп, бүгінде 86-сы шешілді, 97-сі орындалуда. 36 мәселе екі жылдық жоспарға енген.

Айта кету керек, әрбір мәселе ауданда құрылған Қоғамдық бақылау кеңесімен мақұлданып, зерделеніп отырды. Қала әкімінің есепті кездесуінде Абай ауданының әкімі Б.Парманов ауданның инженерлік-инфрақұрылыммен қамтылу барысы туралы айтты. Осы жылы аудан халқын ауыз сумен қамтуды 100 пайызға жеткізу жоспарланған. Бұл мақсатта Құрсай (Арғымақ) шағын ауданында құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Нұршуақ, Батыс, Жаңаталап елдімекендерінде құрылыс жұмыстары осы жылы ақталып, электр желісімен қамтылу көрсеткіші де 100 пайызға жетеді.Баяндамадан кейін жиын жанды әңгімемен жалғасты. Кездесуге келген тұрғындар өздерін толғандырған мәселелерін алға тартты.Айтқандай ашықтықты қамтамасыз ету мақсатында қолға алынған «Халық қатысатын бюджет» жобасы өзінің нәтижелілігін көрсетуде. Абай ауданында 2021 жылмен салыстырғанда 2022 жылы халық қатысатын бюджет үлесі 5,1 есеге артқан.

 

 

ШЫМКЕНТТІКТЕРДІ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ ҚАРҚЫН АЛҒАН

Бүгін қала әкіміне 1-жарты жылдықта атқарылған жұмыстар бойынша жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының басшысы Б.Нарбекова есеп берді.

2021-2025 жылдарға арналған даму жоспары бойынша биылғы жылы 57 696 адамға жұмыспен қамту шараларын көрсету жоспарлануда. Оның 35 276 орны– тұрақты, 18 128 орны – уақытша жұмыс орындары. Бүгінге күнге, яғни 6 айда 30 481 адам жұмыспен қамту шараларына қатысып отыр, яғни жоспар 52,8% орындалды.

Ал, 2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту ұлттық жобасы шеңберінде осы жылы 33 500 адамды жұмыспен қамту жоспарланса, оның ішінде 20 759 орын тұрақты жұмыс 8 449 орын уақытша жұмыс орындары белгіленіп отыр. Жыл басынан бері 13 363 адам жұмыспен қамту шараларына қатысты.

Жалпы, Шымкент қаласы республикалық көрсеткіштер бойынша азаматтарды жұмыспен қамту шараларына қатыстыру бағытында алдыңғы қатарында. Атап айтқанда, әлеуметтік жұмыс орындарына 90 адамды жолдау жоспарланса, бүгінде 123 азамат жұмыспен қамтылды. Яғни, жоспар артығымен 136,7% орындалып отыр. Сондай-ақ, «Алғашқы жұмыс орны» жобасына 227 адам жолдау жоспарланса, нақты 227 (88,2%) адам жолданды. Қоғамдық жұмыс 2188 адамға жоспарланған болса, нақты 2177 адам жұмысқа орналасты. «Жастар практикасы» бағдарламасына биылғы жылы 2098 жасты жолдау жоспарланып, бүгінде 1063 адам жұмысқа орналасты.

ҚР Премьер-Министрі мен Шымкент қаласы әкімінің арасындағы меморандум аясында құрылатын жұмыс орындарына 14 517 тұрақты жұмыс орын құру белгіленіп,бүгінде ағымдағы жылдың 1 шілдесіне 12 488 тұрақты жұмыс орыны құрылды, яғни жоспар 86%-ға орындалды.

Жиынды қорытындылаған қала әкімі М.Әйтенов бірқатар тапсырмалар берді:

- азаматтардың тұрақты жұмыспен қамтылу үлесін арттыруды;

- мемлекет қамқорындағы балалардың білім алуы мен жұмысқа орналасуын бақылауға алуды;

- аялдамалардың, қоғамдық орындардың пандустарын реттеп, мүмкіндігі шектеулі тұрғындарға қолайлы орта қалыптастыруға аса көңіл бөлуді;

- тұрғындармен тікелей жұмыс жасайтын мамандардың біліктілігін үнемі арттырып отыру, олардың қызмет көрсету сапасын арттыруды қолға алуды жүктеді.

ШЫМКЕНТ: ӘЛ-ФАРАБИ АУДАНЫНЫҢ ИНФРАСТРУКТУРАСЫ ҚАШАН 100% БОЛМАҚ?

Биыл Шымкенттегі Әл-Фараби ауданының тұрғындары ауыз су, табиғи газ, сапалы электр желісімен 100 пайыз қамтылады. Бұл туралы қала әкімінің есепті кездесуінде аудан басшысы Р.Мыңбаев баяндады.

Аудан басшысының сөзінше, Әл-Фараби ауданында 207 мың тұрғын бар. Аудандағы 15 елдімекен, яғни тұрғындар толығымен ауыз сумен қамтылған. Тек биыл Текесу тұрғын алабында су құбырын жаңарту жұмыстары жүріп жатыр. Жыл соңына дейін аяқталады.

Ауданды сапалы электр желісімен қамту көрсеткіші де 100 пайыздық көрсеткішке жетеді. Бұл мақсатта былтырғы жылы Сәуле шағын ауданы 276 орамда басталған құрылыс жұмыстары осы жылы аяқталады.

Өткен жылы тұрғындардың табиғи газбен қамтылу көрсеткіші 99,5 пайыз болса, бұл жылы толығымен қамтылады. Қазіргі таңда Ақтас-2 және Сәуле шағын ауданы 276 орамда құрылыс жұмыстары жүргізілуде.

Кәріз жүйесімен қамту көрсеткішін 87 пайызға жеткізу үшін Шолохов көшесінде және Хлопзавод көшесінде құрылыс жұмыстары жүріп жатыр. 2023 жылы Түркістан және Ақжайық шағын аудандарында құрылыс басталып, Химфарм «ТҮРКІСТАН» Ш/А. 4252 ХАЛЫҚ (1052 АБОНЕНТ) «ХИМФРАМ» Ш/А.шағын ауданына кәріз жүйесін тарту үшін ЖСҚ әзірленбек.

Аудандағы 404 көшенің 124-і жарықтандырылған. Мемлекеттік-жекешелік әріптестік аясында өткен жылы 22 көше жарықтандырылған болса, бұл жылы 17 көше жоспарда тұр.

Сонымен қоса, Әл-Фараби ауданында 2021 жылмен салыстырғанда 2022 жылы халық қатысатын бюджет үлесі 4 есеге артқан. Ауданды өткен жылы 14 үйдің ауласы абаттандырылған болса, биыл 59 жобаға қаржы бөлінді. 50 балалар ойын алаңшасы орнатылып, 9 ашық спорт алаңшасы салынбақ. Бұл жұмыстарды тұрғындар дауыс беру арқылы таңдаған болатын. 2023 жылы 32 балалар ойын алаңшасы орнатылып, 7 ашық спорт алаңшасы салынса, 100 пайыздық меже орындалады. Айта кетейік, аталған жоба аясында аумақты көгалдандыру, тротуарларды жайластыру, пандустар қою, арықтар салу және жөндеу, қоқыс тастайтын жерлерді жою, ортақ пайдалану орындарын құру, жөндеу және жарықтандыру, ойын және жаттығу алаңдарын құру, онда жабдықтар орнату секілді жұмыстар жасалады.

Осы RSS каналға жазылу