Сейсенбі, 10 Қазан 2023 15:07

Сауран ауданында емханалар мен медпункттердің саны артатын болады

Сауран ауданында медицина саласына ерекше көңіл бөлініп келеді. Сондай-ақ, бірнеше елдімекендерде емханалар, медпункттер салынады деп жоспарланып отыр.

Аудан бойынша 1 - аудандық емхана, 2 - бастапқы медициналық көмек көрсету орталығы, 13 - дәрігерлік емхана (ВА), 13 - фельдшерлік–акушерлік бекет, 4 - медициналық бекеттер, 1 – арнайы мамандар бөлімі, 1 – жылжымалы медициналық кешен және 4 - жедел жәрдем бригадасы жұмыс жасайды. Сонымен қатар 172 төсек орынға арналған күндізгі стационар қызмет көрсетуде.

Аудандық емхана, арнайы мамандар, атап айтқанда пульмонолог, инфекционист, дерматовенеролог, иммунолог, балалар кардиологы, балалар хирургі, травматолог, реабилитолог, онколог, сарапшы дәрігер, гастроэнтеролог  мамандарымен  және УДЗ  3 дәрігерлерімен толықтырылды.

Аудан орталығы Шорнақ елді мекенінен тәулігіне 500 адам қабылдайтын емхана ғимаратының құрылысына 8,9 га жер бөлініп, жобалау-сметалық құжаттары рәсімделуде. 2023 жылға бекітілген жоспар бойынша типтік үлгіде жаңа ғимарат салыну жоспарланып, құжаттары рәсімделуде, Атап айтқанда: Шаға, Қызылжол, Ойық, Жалаңтөс, Құсшы ата елді мекендерінде.

Сондай-ақ, Сауран ауданының Ескі Иқан ауылдық округінде өңірде теңдесі жоқ жаңа емхананың құрылысы жүруде. Жеке кәсіпкердің демеушілігімен бой көтеріп жатқан емханасының жалпы жобалық құны 1 млрд. 800 млн. теңге. Күні бүгінге дейін ауылда бір қабатты емхана тұрғындарға қызмет көрсетіп келген еді. Енді оның аумағы кеңейіп, заманауи медициналық құралдармен жабдықталуда. Мәселен, жаңа емханаға облыс бойынша тек Түркістан қалалық ауруханасында  бар құны 80 млн теңге тұратын маммографиялық аппарат жеткізілмек. Кеңейтілген кешеннің жалпы аумағы 4 600 шаршы метрді құрайды. Емхана 150 адамды жұмыспен қамтиды деп жоспарлануда.

 

Оқылды 175 рет