Неонаталды хирургия ашылғалы бері орталық дәрігерлері жеті сәбиге ота жасап, ажалдан арашалап қалды. Перинаталдық орталық ішінде сәбилерге күрделі операция жасау үшін қажетті заманауи техникалар мен құрал-жабдықтар сатып алынды. Сондай-ақ неонаталдық хирург, анестезиолог-реаниматолог, неонатолог-реаниматолог мамандарымен толықты.
Айта кетейік, Перинаталдық орталық жүкті әйелдер мен нәрестелерге жоғары деңгейдегі арнайы медициналық көмек көрсететін қаладағы жетекші медициналық ұйым болып есептеледі.