Дүйсенбі, 04 Наурыз 2024 07:22

Шымкент: эпилепсияға шалдыққан ересек науқасқа алғаш рет күрделі ота жасалды

Қалалық №2 ауруханада эпилепсия диагнозы қойылған 25 жастағы науқасқа ота жасалды. Консервативті ем нәтижесінде ауруы асқынған тұрғынның бас миында ісік анықталған.

Білікті нейрохирург Еркін Медетов бастаған дәрігерлер тобы үш сағатқа созылған ота кезінде ісікті толығымен алып тастады. Оның қазіргі жағдайы жақсы.

Сәйкесінше,науқас отаға дейін қабылдап келген препараттарды ішуді тоқтатты. Айта кетейік, мұндай операциялар осыған дейін тек балаларға жасалған болатын.

«AQ-QARA.KZ» - ақпарат

Оқылды 359 рет