Жұма, 17 Сәуір 2020 12:46

Түркістан: Созақ ауылында дезинфекция жұмыстары жүргізілді

Аудан әкімі Салыхан Полатовтың тапсырмасына сәйкес коронавирус індетіне қарсы дезинфекциялау жұмыстары жүргізілуде.

Созақ ауданы әкімдігінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, аудан әкімдігі тұрғын үй – коммуналдық шаруашылық көлігі және автомобильдер жолдары бөлімі және тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасы мамандарының қатысуымен Созақ ауылындағы адам көп жүретін негізгі көшеге, аурухана, аптекаға залалсыздандыру жұмыстары жүргізілді.
Бұл жұмыстардан бөлек, әрбір аудан тұрғыны жеке бас гигиенасын сақтап, індеттен қорғану үшін үнемі маскада және қолын жиі жуып, антисептикпен сүртіп отыруы қажетті туралы ауылдар мен елді-мекендерде дауыс үлкейткішпен түсіндіру жұмыстары жүргізілуде.
Айта кету керек, Созақ ауданында коронвирус індетімен ауырған адам тіркелген жоқ.

Соңғы мәліметтер бойынша Түркістан облысында коронавирус инфекциясын жұқтырған азаматтар саны 53-ке жетті.

Вирус 1990 ж. Түркістан қаласының тұрғынынан табылды. Ол 11 сәуір күні Жетісай ауданынан келген. 

Сондай-ақ 1992 жылғы Сайрам ауданы, Көлкент ауылдық округі, Қосбұлақ ауылының тұрғыны, 1981 ж. және 2007 жылғы Ордабасы ауданы, Бадам ауылдық округінің тұрғындарында COVID-19 инфекциясы анықталды. Аталған азаматтар коронавируспен ауырып жатқан науқаспен жақын байланыста болған.

Қазіргі таңда облыс бойынша Жетісай ауданында – 20 адам тіркелген (оның ішінде 1956 ж азамат 4 сәуір күні қайтыс болған). Сондай-ақ,  Кентауда - 5, Ордабасы  - 4, Сайрам - 3, Мақтарал - 4, Арыс - 14, Сарыағаш - 1, Бәйдібек -1, Түркістан қаласының - 1 тұрғыны індетке шалдыққан.

Барлық науқастардың жағдайы қанағаттанарлық, шағымы жоқ. Вирус жұқтырғандар қазіргі уақытта оқшауланып, тиісті ем қабылдауда.

 «AQ-QARA.KZ»-ақпарат.

 


Оқылды 531 рет