Жексенбі, 17 Мамыр 2020 19:09

Түркістан облысының дәрігерлері 130 науқасты коронавирустан емдеп шығарды

Түркістан облысында коронавирус жұқтырған тағы 16 науқас сауығып, ауруханадан шықты.

Дертінен сауыққандар арасында 3 жасар бала мен 84 жастағы қария да бар.

Жазылған азаматтар Түркістан және Кентау қалаларының, Ордабасы, Бәйдібек, Төлеби аудандарының тұрғындары. Барлығы да Covid-19 инфекциясын жұқтырған азаматтармен қарым-қатынаста болған.

Науқастар екі аптадан астам уақыт жұқпалы аурулар бөліміндерінде ем қабылдап, сынама қорытындылары теріс нәтиже көрсетуіне байланысты үйлеріне шығарылды. Барлығының жағдайы қанағаттанарлық, шағымдары жоқ.
Жалпы, Түркістан облысы бойынша коронавирус инфекциясынан 130 адам жазылды.

Айта кетейік, Түркістан облысында COVID-19 инфекциясын ерте анықтау мақсатында үшінші вирусологиялық зертхана ашылғанын жазған едік.Зертхана соңғы үлгідегі аппараттармен жабдықталған.

Германияда өндірілген Xpert, БАК-ТЕК, БИОНЕР, Хайн-тест аппараттарының мүмкіндіктерін пайдалана отырып коронавирус індетін анықтауға болады. Зертханаға өңірдегі ауруханалардан алынған сынамалар жолданады. Сонымен қатар ауруханаға түскен науқастар да бірден коронавирус инфекциясына тексеруден өткізілуде. Зертхана мамандары бұл әдісті жақсы меңгеріп, халыққа көрсетілетін медициналық қызмет сапасын арттыруға өз үлестерін қосуда.

«AQ-QARA.KZ»-ақпарат.

 

Оқылды 571 рет