Баспасөз мәжілісінде Ғалымжан Мотайұлы пандемияға байланысты қаладағы бүгінгі жағдай туралы сөз қозғады.
– Қазіргі таңда қалада эпидемиологиялық ахуал тұрақты. Яғни, инфекциялық ауруханалардағы төсек-орындардың 85%-ы бос. Ал жұмыс істеп тұрған мобильді бригадалардың саны 211-ден 123-ке дейін төмендеді. Дегенмен болжамды екінші толқын ықтималдығына байланысты дайындық жұмыстары жалғасуда. Осы орайда пневмония диагнозын анықтау үшін 3 КТ аппараты мен 88 ИВЛ аппараты сатып алынса, ҚР Денсаулық сақтау министрлігінен 156 ИВЛ аппараты жеткізіледі деп күтілуде. Сонымен қатар, 250 «Бобров» аппаратын алу үшін сатып алу жұмыстары жүргізілуде, – деді Ғ.Әбішев.
Спикердің сөзінше, коронавирустық инфекцияны диагностикалау үшін осы жылдың наурыз айынан бастап 6 зертхана іске қосылған. Тәулік бойы жұмыс істейтін бұл зертханалардың қуаттылығын күніне 2500 ПТР-ден 3500 ПТР-ге дейін ұлғайтылмақ. Әр зертхана бір күнде 200-250 тест өткізу қуаттылығы бар. Бұған қоса қосымша 2 зертхана сатып алу жоспарлануда. Ал провизорлы және инфекциялық стационарлардың жұмысын әзірлеу мақсатында арнайы 3 сценарий әзірленген. Тұрақты эпидемиологиялық жағдай кезінде қаланың медицина ұйымдарында жоспарлы түрде 1380 төсек-орын дайындалған. Қолайсыз эпидемиологиялық жағдай туындаса, бұл төсек-орын саны 4025-ке дейін ұлғаяды. Егер жұқпалы аурулар өршіген жағдайда төсек-орын 5496-ға дейін артады.
Сондай-ақ, инфекциялық стационарларға емдеуге жатқызу деңгейін анықтау және пациенттерді денсаулық ауырлығы мен аумақтық қағидат деңгейі бойынша сұрыптау енгізілген. Одан бөлек, Қалалық жұқпалы аурулар ауруханасы мен №3 қалалық аурухана базасында екі 3 оттегі станциясын орнату жұмыстары аяқталған. Ал бүгінде медициналық ұйымдарда 717 оттегі нүктесі мен сұйық оттегіге арналған 9 оттегі нүктесін орнату жұмыстары жүргізілуде.
Айта кетейік, қала бойынша КВИ жұқтырудың жалпы 5 189 жағдайы тіркелген. Оның ішінде 4 760 науқас дертінен сауыққан.
«AQ-QARA.KZ»-ақпарат