Абай ауданы әкімінің орынбасары Е.Занкоев Абай ауданы әкімдігі тарапынан құрылған мобильдік топпен бірге аудан аумағында орналасқан мектептерге мониторинг жұмыстарын жүргізді.
Мониторинг барысында білім беру орталықтарында санитарлық нормалардың сақталуы бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Сонымен қатар, ауданда орналасқан тойханаларға рейдтік іс-шаралар ұйымдастырылып, нәтижесінде «Кездесу» тойханасына карантин талаптарын орындамағаны үшін әкімшілік хаттама толтырылды.
Шымкент қаласының бас санитарлық дәрігерінің қаулысын орындау мақсатында бұл бағыттағы жұмыстар тұрақты түрде жүргізілуде.
Сондай-ақ, Әл-Фараби ауданында құрамында аудан әкімінің аппараты, Шымкент ҚПД Әл-Фараби аудандық полиция басқармасы және Шымкент қаласы Әл-Фараби ауданы тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасы бар мобильді топ мониторинг жасады. Аудан аумағында жүргізілген мониторинг барысында, санитарлық-эпидемиялық нормаларды сақтамай, карантин режимінің талаптарын бұзған бір қатар кәсіпкерлерге, Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 425 бабы 1 тармағы сәйкес, 8 хаттама толтырылып, айыппұл салынды.
«AQ-QARA.KZ»-ақпарат