Жалпы, медициналық ұйымдарда 6000-ға жуық төсек орны қарастырылған. Облыстағы медициналық мекемелердің пандемияның болуы мүмкін екінші толқынына дайындық барысымен танысу мақсатында БАҚ өкілдеріне арналып пресс-тур ұйымдастырылды. Айта кетерлігі, аудан-қалалардағы ауруханалардың материалды-техникалық базасы жақсартылып, өкпені жасанды желдету аппараттар саны 65 пайызға артқан. Сонымен қатар, 80 оксиген аппараты алынып, оттегі концентраторларының саны 900 бірлікке жеткен. Бұдан өзге, аурухана аймақтарынан салынған оттегі станциялары екі есеге артқан.
Емдеу мекемесін толығымен оттегімен қамтамасыз ететін станцияның бірі Кентау қалалық орталық ауруханасында орнатылған. Аурухана жаңадан ашылған гемодиализ орталығы, компьютерлік томография, сандық рентген аппараты, жаңа үлгідегі УДЗ мен зертханалық диагностикалық аппараттарымен жабдықталған.
«Індеттің бірінші толқынында орын алған кемшіліктерді болдырмау үшін бүгінде барлық тиісті жағдайлар жасалуда. Атап айтсақ, 2-3 айға жететін ауруға қарсы қолданылатын дәрі-дәрмек қоры жасақталды. Қажетті құрал-жабдықтар жеткілікті деңгейде алынды. Енді облыстық медициналық жедел-жәрдем қызметі жыл соңына дейін қосымша 120 көлікпен қамтылатын болады. Шалғай ауылдарға 12 жылжымалы медициналық кешен алынуда», – деді облыстық қоғамдық денсаулық басқармасының басшысы Марат Пашимов.
«AQ-QARA.KZ»-ақпарат