Сәрсенбі, 21 Қазан 2020 17:28

Түркістан: Төлеби ауданында күрделі ларароскопиялық ота түрі жасалды

Түркістан облысы Төлеби аудандық орталық ауруханасында алғаш рет лапароскопиялық әдіспен ота жасалды.

Бұл туралы Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Аудандық аурухананың ота бөлімінде облыстық клиникалық аурухананың хирург мамандарымен бірлесе екі науқастың өт қабы алынды. Шалғай аудан тұрғындары бұған дейін облыстық клиникалық ауруханаға жолданатын. Емдеу мекемесіне биылғы жылы арнайы медициналық құрал-жабдық алынып, тұрғындар сапалы емді аудан ауруханасынан қабылдай алатын болды.
Төлеби аудандық орталық ауруханасы бас дәрігерінің міндетін атқарушы Қарлығаш Омарованың айтуынша, бұл тәсілмен бүйрек, бауыр ауруларының көптеген түрін емдеу жоспарлануда. Дәрігерлер осы мақсатта біліктіліктерін арттырып, тәжірибе алмасқан. Қазіргі таңда ота бөлімінде орта және кіші буын қызметкерлерін қоса алғанда 26 медицина қызметкері жұмыс істейді. Биылғы жылдың өзінде мұнда 400-ге жуық ота жасалған. Бөлімшеде өт қалтасындағы тасты алу, жарыққа және кеуде мен асқазанды емдеуге арналған ота түрлері жасалады.

«AQ-QARA.KZ»-ақпарат            

Оқылды 422 рет