Заманауи құрал-жабдықтармен қамтылған медициналық мекеме жеке кәсіпкердің демеушілігімен жұмысын бастады. Жаңадан ашылған мекеменің салтанатты ашылу рәсіміне Кентау қаласы әкімінің орынбасары Бекайдар Алимбетов арнайы қатысып, ауыл тұрғындарын құттықтады.
Емханада біліктілігі жоғары дәрігерлер мен орта медицина қызметкерлері жұмыс істейді. Олардың қатарында эндокринолог-дәрігер, невропатолог, жалпы тәжірбиелі дәрігер, УДЗ дәрігері, стоматолог, акушер-гинеколог, фельдшердлер және мейірбикелер бар. Білікті дәрігерлер Түркістан қаласынан тартылған. Жалпы жұмысқа қабылданған мамандардың 70 пайызы жергілікті азаматтар. Сондай-ақ, емханада соңғы үлгідегі УДЗ және рентген аппараттары орнатылған. Жалпы емханаға 50 млн. теңге қаржы жұмсалған.
Бұған дейін бас ауырып, балтыр сыздағанда сырқатқа ем іздеп Түркістан, Кентау қалаларына сабылып келген тұрғындар, өз ауылында ем қабылдауға мүмкіндік туғанына дән риза.
Айта кетейік, алдағы уақытта жаны жомарт азамат бір мезетте 300 адамға дейін қабылдауға қауқарлы клиника салуды жоспарлап отыр.
«AQ-QARA.KZ»-ақпарат