Дүйсенбі, 02 Қараша 2020 19:53

Түркістан: Соңғы екі тәулікте короновирус жұқтыру дерегі тіркелген жоқ

Түркістан: Соңғы екі тәулікте короновирус жұқтыру дерегі тіркелген жоқ. Бұл туралы Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі мәлім етті.

Түркістан облысы бойынша эпидемиологиялық ахуал тұрақты. Соңғы екі тәулікте өңірде коронавирус инфекциясын жұқтырған жағдай тіркелмеген. Күні бүгінге дейін COVID-19 індеті расталған 3418 науқас бойынша 2647 ошақ  анықталып, барлығында дезинфекциялық, эпидемияға қарсы іс-шаралар жүргізілген. Эпидемиологиялық іс-шаралар әлі де жалғасуда.

Коронавирус инфекциясын жұқтырған 3352 науқас жазылып шыққан. Олардың ішінде 2359 азаматта індет симптомсыз өткен. Инфекциялық стационарда қазіргі таңда 1 науқас ем қабылдауда.

Облыста қызмет көрсетіп тұрған 10 ПТР зертханаларында  жалпы пандемия басталғалы 208 376 адамнан сынама алынған.  Соңғы бір тәулікте 2000-ға жуық адам тексеруден өткен. Инфекциялық стационарларда 600 төсек-орын бар. 25 науқас вирусты пневмониядан ем қабылдауда. Карантиндік стационарда 56 адам оқшауланған.

 «AQ-QARA.KZ»-ақпарат            

 

Оқылды 474 рет