Оның 47-і дәрігерлер, 168-і орта және 103-і кіші буын қызметкерлері, 7-еуі шаруашылық жұмысшылар. Бұл туралы бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Түркістан қалалық орталық ауруханасының бас дәрігері Жанболат Ділдәбеков мәлімдеді.
Оның сөзінше, пандемия кезінде 250 төсек орындық карантиндік стационарда 849 пациент емделген. Сондай-ақ, 16 пациент провизорлық стационарға ауыстырылған.
«Пандамия кезінде қалада 320 төсек орындық провизорлық стационарда 1384 пациент емделіп шықты. Covid-19 коронавирус инфекциясына ПЦР талдауына оң нәтиже берген 88 науқас инфекциялық госпитальға ауыстырылды. Ал, 50 төсек орындық инфекциялық госпитальда Covid-19 коронавирус инфекциясымен 56 науқас жазылып шықты. Қайтыс болғандар тіркелмеді», – деді бас дәрігер.
Ауруханада эпидемияға қарсы іс-шараларға тартылған медицина қызметкерлерінің ішінен коронавирус инфекциясын жұктырған 11 тұлғаға оның ішінде 8 дәрігерге Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан бөлінетін бір реттік әлеуметтік төлем ретінде екі миллион теңгеден төленді.
Айта кетейік, қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы күз бен қысқы кезенде COVID-19-дың алдын алу және емдеу бойынша іс-шаралардың (А,Б,В,Г) жоспарын дайындап бекітті. Айталық, індеттің екінші толқынына байланысты 250 төсек орындық провизорлық стационар, «Ақмарал» клиникасында 70 төсек- орындық провизорлық стационар, барлығы 320 төсек орындық провизорлық стационар ашуға толық мүмкіншілік бар.
«AQ-QARA.KZ»-ақпарат