Бұл жөнінде облыстың Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері Нұрбек Нышанов Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте мәлімдеді. Негізінен пандемия басталғалы бері өңірде 3 478 жағдай тіркелген. Оның ішінде, жазылып шыққандар саны - 3 394 ал, қайтыс болғандар – 46 адамға жеткен.
«Облыс бойынша 600 инфекциялық және 340 карантиндік төсек-орын ұйымдастырылған. Төсек-орындар санын 5 610-ға дейін ұлғайтуға мүмкіндігіміз бар. Облыс көлемінде өкпені жасанды желдету аппараттарының саны 178-ден 337-ге дейін артты. Қосымша 4 оттегі станциясы орнатылып, станция саны 8-ге жетті. 80 бірлік оксигенация аппараты (HI-FLOW) сатып алынды. Бұдан бөлек, оттегі концентраторларының саны 890 бірлікке жетіп, оған қоса оттегі нүктелерінің саны 205-тен 2815 нүктеге дейін ұлғайды»,-деді Нұрбек Садықбекұлы.
Эпидемиологиялық ахуалдың тұрақты болуы үшін медицина саласы жаңа құрал-жабдықтар және тасымалдау көлігімен толыққан.
«AQ-QARA.KZ»-ақпарат