Жұма, 05 Ақпан 2021 20:11

Түркістан облысында медициналық сақтандырумен халықтың 86,4 пайызы қамтылды

Түркістан облысында міндетті медициналық сақтандырылғандардың үлесі 86,4 пайызға жетті. Бұл туралы Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры облыстық филиалының директоры Асхат Бейсенбаев мәлім етті.

Асхат Бейсенбаевтың айтуынша, қордың филиалы 81 медицина ұйымымен 130,6 млрд теңгенің келісімшартын жасаған. Бұл өткен жылы бөлінген қаржыдан 6 пайызға артқан. Қаржы - кепілдендірілген тегін медициналық көмекке (ТМККК) және МӘМС пакеттері шеңберіндегі қызметтерге бағытталады. Биыл мемлекеттік тапсырысты орындауға келісілген 81 медициналық ұйымның 40-ы жекеменшік клиника.

«Жалпы үш жылдан астам уақыт ішінде Түркістан облысынан түскен сома көлемі 12,6 млрд теңге болды. Оның ішінде, 9,2 млрд теңгесі жұмыс берушілердің аударымдары болса, қалған 3,5 млрд теңге – жеке кәсіпкерлер мен азаматтық-құқықтық келісімшарт негізінде еңбек ететін тұрғындарға тиесілі. Ал, өзін өзі жұмыспен қамтығандар 52 015 теңге бірыңғай жиынтық төлемін төлеген», – деді, Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры облыстық филиалының директоры Асхат Бейсенбаев.

«AQ-QARA.KZ»-ақпарат 

 

 

Оқылды 553 рет