4 айлық дәрі-дәрмек қорымен, қажетті құрал-жабдықтармен толық қамтылған. Бұл жайында бүгінгі жиында аудандық аурухананың бас дәрігері Б.Тұрлыбеков мәлімдеді.
Аудан әкімінің төрағалығымен өткен кезекті лездемелік жиында аудан аумағындағы коронавирус инфекциясының таралуының алдын алу, канал, арық-атыздардың және елді мекендердегі күл-қоқыс тастайтын орындардың бүгінгі жағдайы мен жер саласындағы өзекті мәселелер күн тәртібінде талқыланды.
Дәстүрге сай күн тәртібіндегі мәселелер бойынша жауапты бөлім, мекеме басшысының баяндамасынан соң аудан басшысы аталмыш салалардағы облыс, аудан әкімдігі тарапынан берілген тапсырмалар мен өзекті мәселелерге тоқталып, шешу мақсатында тиісті мекеме басшыларына заң аясында шешуді жүктеді. Сонымен қатар, жиында көтерілген Түркістан қаласындағы ауданға бекітілген 14-ші сектор аумағындағы жұмыстарды жандандыруды тапсырды. Аудан әкімдігі жанынан коронавирустық инфекциясының таралуын алдын алу мақсатында құрылған жұмысшы топтар күшейтілген режимде өз жұмысын жалғастыруын ескеріп, аудан аумағында жөндеуден өтіп жатқан канал, арық-атыздардың құрылыс жұмыстары егістікті суару маусымында кедергі келтірмеу керектігін атап өтті. Бұл бағытта құрылыс жұмыстарын жүргізіп жатқан мекеме өкіліне қазірден бастап тиісті шараларды атқаруды тапсырды.
«AQ-QARA.KZ»-ақпарат