Солардың бірі- Мейрамбек Арғынбаев.
М.Арғынбаев - қалалық жедел жәрлем станциясындағы №1 қосалқы станцияның қарқынды терапия бригадасының дәрігері болып жұмыс істейді.
Білікті маман 11 жылдан бері денсаулық сақтау саласында қызмет етіп келеді. Көбіне ауыр жағдайдағы науқастарға көмек көрсететін маман реанимациялық көмек көрсетуде үздік екенін дәлелдей білген. Осы күнге дейін фельдшер клиникалық өлім жағдайындағы 40-қа жуық азаматқа сәтті реанимациялық көмек көрсетіп, ажалдан арашалап қалған.
Дәрігер өзінің мамандығын мақтан ететінін айтып, халықтың саулығы үшін аянбай еңбек етемін дейді.
–Осыдан бір ай бұрын кезекшілік кезде қаладағы «Теріскей» шағын ауданынан шақырту түсті. Біз барған кезлде ес түссіз халде керуетте жатқан ер кісіге бірінші медициналық көмек көрсеттік. Науқасты тексеріп жатқанда кенеттен жүрегі тоқтап қалды. Уақыт жоғалтпай дереу көмекшіміз екеуміз реанимациялық іс шараларды жасап, 4 минут ішінде науқасты клиникалық өлім жағдайынан шығардық. Кейін науқасты жүрек орталығына жедел жәрдеммен жеткіздік. Науқастың денсаулық жағдайы жақсарып, отбасына аман-есен оралды» -дейді дәрігер.
Жас дәрігер біліктілігінің арқасында көптеген науқастардың алғысын алған. Ол «жедел медициналық көмек», «реаниматология және анестезиология» бағдарламалары бойынша біліктіліктін арттырған.
«AQ-QARA.KZ-ақпарат»