Жоғары санатты онколог, онкохирург, медицина ғылымдарының кандидаты Атамша Набиевтің медицина саласында 30 жылға жуық тәжірибесі бар.
Атамша Нәбиев – бас және мойын ісіктері бойынша бейінді онколог-маман. Білікті маманның ұйытқы болуымен Шымкент қалалық онкология орталығында (бұрынғы облыстық онкологиялық диспансер) бас және мойын ісіктерінің бөлімі ашылған. Ол күрделі деген лагинэктомия, кеңірдектің ағзаларын сақтайтын резекциялары мен жоғарғы және төменгі жақ резекциясын, тонзиллэктомия, тіл және сілекей бездерін резекциялау және алу, Крайль мен Ванаха операциялары, тиреоэктомия сияқты операцияларды жақсы меңгерген дәрігер.
Республикада онкологтар арасында тәжірибелі маман саналатын алтын қолды дәрігер Санкт-Петербург, Челябинск, Анкара, Ташкент қалаларында біліктілігін арттырған.
Бүгінде өз ісінің хас шебері жас мамандарға қалқанша безінің түйіндеріне жұқа инелі аспирациялық биопсия жасауды үйретуде. Бас және мойын ісіктері бойынша бейінді онколог-маманды Ресей, Өзбекстан, Белгия елдерінен арнайы іздеп келетіндердің қарасы көп.
Қазіргі таңда, Шымкент қалалық №6 емханада еңбек ететін дәрігер онкологиялық аурулардың санын азайтуда өз білімі мен тәжірибесін пайдаланып, қатерлі ісік ауруларының алдын алу, қатерсіз ісіктерге ем-дом жүргізуде аянбай еңбек етіп, тұрғындардың алғысына бөленіп жүрген ақ халатты абзал жан.
«AQ-QARA.KZ»-ақпарат