Бұл туралы Шымкент қаласының денсаулық сақтау басқармасы хабарлайды.
Құзырлы орган өкілдеріне екпе егу үшін жалпы тәжірбиелі дәрігер, психолог, иммунолог, медбике сынды мамандар департаментке барып жұмыс істеуде. Таңғы сағат сегізден басталған вакцинациялау кешкі сағат 20:00-ге дейін жалғаспақ. Бүгін түске дейін медицина мамандары полиция департаментіндегі 30 қызметкерге вакцина салған. Екпе алғандардың арасында жанама әсерлер байқалмады дейді мамандар.
Қазір Шымкенттегі медицина ұйымдарында вакцинаның жеткілікті қоры бар. Сәуір айының соңына дейін қалаға ковидке қарсы 32 мыңнан астам доза вакцина жеткізіледі деп жоспарлануда.
Айта кетейік, қала аумағында санитарлық-эпидемиологиялық талаптардың сақталуын бақылау ұдайы назарда: 24 мобильдік топ мониторинг жұмыстарын атқаруда.
Өткен тәулікте 353 нысанға (335 кәсіпкерлік нысан, 18 жеке нысан) тексеру жұмыстары жүргізіліп, оның ішінде 10 нысанда карантин режимінің талаптары бұзылғандығы анықталды.
«AQ-QARA.KZ»-ақпарат