Дүйсенбі, 12 Сәуір 2021 21:12

Шымкент: Әл-Фараби ауданы әкімдігінің қызметкерлері ерікті түрде вакцинация ектірді

Әл-Фараби ауданы әкімі Р.Мыңбаев аудан және аудан әкімі аппаратының қызметкерлері ерікті түрде, короновирусқа қарсы «Спутник V» вакцинасының 1 компанентін ектірді.

 Бұл туралы Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлайды.

Қазір екпе алған азаматтардың денсаулығы қалыпты. Қандай да бір кері әсерлері болмады. Вакцинадан соң қызметкерлер дәрігердің толық бақылауында.

«Құрметті қала тұрғындары! Енді кез-келген адам қала аумағында коронавирусқа қарсы вакцинаны тегін ала алады. Ол үшін тіркеу орны бойынша емханаға хабарласып, медициналық тексеруден өту жеткілікті. Қалада барлығы 37 вакцинация пункті бар екендігін назарларыңызға саламыз. Пандемияны жеңудің жалғыз жолы – ол вакцинация. Барша қала тұрғындарын вакцина қабылдауға шақырамыз»,-дейді ауданы әкімдігінің қызметкерлері.

 Айта кетейік, Шымкентте 7 сәуірден бастап барлық санаттағы адамдарға екпе салынып жатыр. Қалаға 30 мың доза вакцина келді. Екпе егу сенбі, жексенбі күндері де, таңғы сағат сегізден кешкі сегізге дейін жүргізіледі. Әзірге 37 бекет жеткілікті. Бекеттің ішінен тағы қосымша бөлімдер ашылып жатыр.

 «AQ-QARA.KZ»-ақпарат

 

Оқылды 468 рет