Шымкент қаласының Денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, бас имамның игі ісін қолдай келген бір топ діни қызметкер де қалалық №13 емханада инфекцияға қарсы екпе салдырды.
“Құрметті мұсылман жамағат! Қасиетті Рамазан айының бірінші күні өзімнің және халықтың денсаулығы үшін алаңдап, алдағы уақытта жағдай жақсарсын деген жақсы ниетпен бір топ имам болып вакцина салдырдық. Алдағы уақытта жағдайымыз жақсарып, қалыпты өмірге келуі үшін жұмыла күресуіміз керек. Мешіттер ашылып, құлшылық ғибадатымызды жасасақ. Бұл вакцина адам баласына қажет азық немесе ағзаға қуат беретін дәрумен емес. Сондықтан адам денесіне инемен екпе егу оразаны бұзбайды" - дейді қаланың бас имамы.
Айта кетейік, Шымкент қаласындағы мешіттерде 260-қа тарта имам бар. Жергілікті діни қызметкерлердің барлығы Ораза айында ковидке қарсы вакцина салдыруды жоспарлап отыр.
«AQ-QARA.KZ»- ақпарат