Сәрсенбі, 14 Сәуір 2021 14:56

Шымкент: Қаратау аудандық полиция қызметкерлеріне вакцинациялау жүргізілуде

Шымкент қаласы Полиция департаменті Қаратау аудандық полиция басқармасының 170 қызметкері коронавирусқа қарсы "Спутник-V" вакцинасын салдырды.

 Полицейлер халықпен тікелей байланыста жұмыс істейтіндіктен барлық қызметкер екпені саналы түрде қабылдап жатыр. Айта кетейік, елімізде вакцинациялау жұмыстары алғаш дәрігерлер мен педагогтарға, құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне жүргізілді. Ал, Шымкент қаласы Полиция департаментінің қызметкерлері коронавирусқа қарсы вакцинаны ағымдағы жылдың наурыз айының басынан ерікті түрде салдырып жатыр. Алғашқылардың бірі болып халықпен жиі қарым-қатынаста қызмет ететін патрульдік полиция қызметкерлері мен учаскелік полиция инспекторлары қабылдады.

Жалпы, Шымкент қаласы Полиция департаменті Қаратау аудандық полиция басқармасында екпе салдырғандардың арасында жанама әсер байқалмады. Қазір Шымкенттегі медицина ұйымдарында вакцинаның жеткілікті қоры бар. Сәуір айының соңына дейін Шымкент қаласына ковидке қарсы 32 мыңнан астам доза вакцина жеткізіледі»,- дейді дәрігерлер.

Сондай-ақ, полицейлерге екпе егу үшін жалпы тәжірбиелі дәрігер, психолог, иммунолог, медбике сынды мамандар жұмыс істейді. Вакцинаны салдырмас бұрын медицина қызметкерлері әрбір полиция қызметкерлерінің дененің қызуы мен қан қысымын өлшеп, міндетті медициналық тексерістен өткізді.

 «AQ-QARA.KZ»- ақпарат

 

Оқылды 350 рет