Бүгінде шаһарда коронавирусқа қарсы екпе алатындардың қатары көбейген.
Қазір қалада 38 екпе егу пункті жұмыс істеуде. Кез келген қала тұрғыны екпе егу пункітіне барып ақысыз КВИ-ге қарсы вакцина салдыра алады. Ол үшін азамат қаладағы мемлекеттік немесе жекеменшік емханалардың бірінде тіркелген болуы керек.
Екпе салардан алдын азамат міндетті түрде сауалнамаға жауап беріп, ерікті түрде вакцина алатыны туралы келісім береді.
Емханалардағы екпе егу кабинеттерінің барлығы қажетті жабдықтармен қамтамасыз етілген. Екпе салатын қызметкерлер арнайы оқытудан өткен.
Айта кетсек, бір тәулік ішінде 6 224 адам вакцина салдырды. Оның 6 216-ы I компонент, 8 адамға II компонент егілген. Екпе науқаны басталғалы барлығы 31 012 адам вакцинацияланды. Оның ішінде 6 168 адам вакцинаның екі компонентін алған.
«AQ-QARA.KZ»- ақпарат