Сәрсенбі, 14 Сәуір 2021 15:37

Шымкент: Мәдениет саласының өкілдері вакцина салдырды

Қазіргі таңда Шымкент қаласында жалпы 31 012 адам коронавирусқа қарсы вакцина салдырды.

Бұл туралы Шымкент қаласының Ақпараттық-коммуникациялық орталығы хабарлайды.

Вакцина салдырғандардың ішінде түрлі сала өкілдері бар. Екпені ерікті түрде салдырғандардың бірі – «Мұзарт» тобының әншісі, «Шымкент қалалық мәдениет үйі» концерттік ұйымы" директоры Сәкен Майғазиев.

Белгілі әнші вакцина салдырған видеосын өзінің инстаграм парақшасында бөлісті.

- Кеше мен де "Спутник V" екпесін салдырдым. Ешкім мәжбүрлеген жоқ. Былтырғыдай өлім-жітім көбеймесе екен, ең болмаса таралуына себепші болмасам екен деген ниет... Кеше жариялайын дедім де, бүгін қандай әсерде болғаныммен бөліспекке бел будым. Бір Аллаға шексіз шүкір, жағдайым жақсы. Таңғы төртте тұрсам терлеп жатыр екем. Ешқандай ауыртпалық сезбедім, - деді Сәкен Қордабайұлы.

Айта кетейік, қазір қалада 38 екпе егу пункті жұмыс істеуде. Кез келген қала тұрғыны екпе егу пункітіне барып ақысыз КВИ-ге қарсы вакцина салдыра алады. Ол үшін азамат қаладағы мемлекеттік немесе жекеменшік емханалардың бірінде тіркелген болуы керек.

 «AQ-QARA.KZ»- ақпарат

 

Оқылды 408 рет